Жазғы маусым басталғанға дейін қауіпсіздік дағдыларын үйрету
♦️Ақмола облысының ТЖД шомылу маусымы қарсаңында судағы қауіпсіздік дағдыларына жаппай оқыту жүргізілуде.
Осындай іс-шаралардың бірі Зеренді ауданында, балалар лагері базасында өтті. Бұл күндері халықаралық тәлімгерлік нұсқаулық лагері өтті. Құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығымен бірлесіп, жаз бойы балалармен жұмыс істейтін тәлімгерлер үшін курстар ұйымдастырды.
Тыңдаушыларға балалардың су айдындарында болуы кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері және суға батып бара жатқан адамды құтқару кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері еске салынды.
Сондай-ақ, Зеренді ауданы ТЖБ өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз жұмыстары туралы айтып берді. Олар тәлімгерлерді құтқарушылардың жабдықтарымен және техникасымен таныстырды.
Осыған ұқсас оқыту демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері үшін, сондай-ақ волонтерлік ұйымдардың басшылары мен үйлестірушілері үшін 2 МӨСБ базасында өткізілді. Екі іс-шара барысында барлығы 150 астам адам оқытумен қамтылды.
Ақмола облысы ТЖД
—————————
Обучение навыкам безопасности перед наступлением летнего сезона
♦️ДЧС Акмолинской области, в преддверии купального сезона проводится массовое обучение навыкам безопасности на воде.
Одно из таких мероприятий состоялось в Зерендинском районе, на базе детского лагеря. Здесь в эти дни проходил международный вожатский инструктивный лагерь. Спасатели, совместно с центром медицины катастроф организованы курсы для участников слета, которые в течение лета будут работать с детьми.
Слушателям напомнили основные правила безопасности при нахождении детей на водоёмах, методы оказания первой медицинской помощи и алгоритмы действий при спасении утопающего.
Также о своей работе рассказали спасатели ОСО и пожарной части ОЧС Зерендинского района. Они ознакомили участников слета со снаряжением и техникой спасателей.
Аналогичное обучение состоялось на базе СПЧ-2 для работников оздоровительных лагерей, а также для руководителей и координаторов волонтёрских организаций. Всего обучением в ходе двух мероприятий охвачены более 150 человек.
ДЧС Акмолинской области
By admin

Читайте также