«Ауыл Аманаты» помогает жителям сел Акмолинской области строить бизнес

В Акмолинской области продолжается реализация программы «Ауыл Аманаты», стартовавшей в 2023 году. Её главная цель — повышение уровня жизни и доходов сельчан. Программа охватила все 17 районов области, более 220 сельских округов и почти 400 тысяч жителей.

Сельские предприниматели получили уникальную возможность — оформить льготный кредит под 2,5% годовых сроком на 5-7 лет. Только за прошлый год в регионе выдали 198 таких микрокредитов на сумму 1,2 миллиарда тенге. Эти средства позволили не только открыть и расширить десятки бизнесов, но и создать 262 новых рабочих места.

Большая часть кредитов — 930 миллионов тенге  была направлена на развитие животноводства. Благодаря этому в сёлах появилось более 3 тысяч голов крупного и мелкого рогатого скота, лошадей и птицы.

Другие кредиты пошли на развитие малого бизнеса: открылась пекарня в Атбасарском районе, были приобретены грузовые автомобили, техника для производства бетонных изделий, мебель и деревообработка. В районах заработали новые станции техобслуживания.

В числе профинансированных проектов — и создание сельхозкооперативов. В Буландынском районе СПК «Кунтуган Казынасы» приобрёл 17 дойных коров, трактор и корма, а в Ерейментауском районе СПК «Береке» расширил маточное поголовье.

В 2024 году реализация программы набрала ещё больший масштаб. Запланировано выдать 308 микрокредитов на сумму 1,8 млрд тенге, с созданием 326 рабочих мест. Уже с января 2025 года началась активная работа: принято 300 заявок, одобрено 108 микрокредитов на сумму почти 1 миллиард тенге.

Программа сохраняет акцент на поддержку животноводства — половина всех кредитов вновь направлена в эту сферу. Но в планах — расширить охват: финансирование получат и проекты по овощеводству, птицеводству, коневодству и другим направлениям сельхозпроизводства.

Всего в 2025 году на реализацию «Ауыл Аманаты» в Акмолинской области предусмотрено 2,5 миллиарда тенге. Планируется выдать 370 микрокредитов и создать более 400 новых рабочих мест.

Работа продолжается, и, как отмечают в области, каждый реализованный проект — это вклад в устойчивое развитие сельских территорий и укрепление экономики региона.

 

 

 

 

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

 

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын арттыру. Бүгінде бұл бастама облыстың 17 ауданы мен 220-дан астам ауылдық округін қамтып, 400 мыңға жуық тұрғынға серпін беріп отыр.

Бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлеріне 2,5% жылдық мөлшерлемемен, 5-7 жыл мерзімге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі берілді. Тек өткен жылдың өзінде ғана өңірде 1,2 миллиард теңге көлемінде 198 микрокредит берілді. Бұл қаражаттың арқасында ондаған жаңа кәсіп ашылып, кеңейтіліп, 262 жаңа жұмыс орны құрылды.

Несиенің негізгі бөлігі — 930 миллион теңге — мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Нәтижесінде ауылдарда 3 мыңнан астам ірі қара, ұсақ мал, жылқы және құс сатып алынды. Бұл тек мал басының өсуіне емес, ауыл шаруашылығының өркендеуіне де ықпал етті.

Сонымен қатар, микрокредиттер шағын бизнеске де серпін берді: Атбасар ауданында наубайхана ашылып, бетон бұйымдарын өндіруге арналған техника, жиһаз жасайтын құралдар мен жүк көліктері сатып алынды. Көптеген аудандарда жаңа техникалық қызмет көрсету станциялары іске қосылды.

Бағдарлама ауыл шаруашылық кооперативтерін дамытуға да мүмкіндік берді. Мысалы, Буланды ауданындағы «Кунтуған Қазынасы» ауыл шаруашылық кооперативі 17 сауынды сиыр, трактор және жем-шөп сатып алса, Ерейментау ауданындағы «Береке» кооперативі төлдейтін ірі қара санын арттырды.

2024 жылы бағдарлама одан әрі кеңейе түсті. Биыл 1,8 миллиард теңгеге 308 микрокредит беру және 326 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2025 жылдың қаңтарынан бастап белсенді жұмыс басталып, 300 өтінім қабылданды, оның ішінде 108 жобаға, яғни 1 миллиард теңгеге жуық несие мақұлданды.

Бағдарлама бұрынғыдай мал шаруашылығына басымдық береді, дегенмен енді көкөніс шаруашылығы, құс өсіру, жылқы шаруашылығы сынды басқа да бағыттар қаржыландырылмақ.

2025 жылы Ақмола облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Жыл соңына дейін 370 микрокредит беріліп, 400-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

By admin

Читайте также