Ал, Қазақстанда құс шаруашылығын дамытуға қатысты ұйымдастырылған форумге 600-ге жуық адам жиналып, мамандардың пікірін білді, кеңес алды, тәжірибе жинады.

– Ел тарихында болмаған фестиваль бүгін Петропавлда өтіп жатыр. Неліктен қаз шаруашылығы деген заңды сұрақ туындайды? Бұл облыста ғана емес, жалпы Қазақстанның солтүстігінде – Ақмола, Қостанай, Павлодар өңірлерінде ауыл халқының көші-қоны жоғары. Президенттің тапсырмасымен халықты жұмыспен қамту арқылы елді мекендерде ұстап қалу керек. Ол үшін не керек, әрине, жағдай жасалып, жоғары табысы болуы қажет, сол кезде ол ешқайда кетпейді. Сондықтан біз бизнестің қай түрі өзекті болатынын сараптап, қаз шаруашылығына тоқтадық.

Қаз тез жетіледі, яғни нәтижеге жарты жылдан кейін қол жеткізуге болады. Жаз бойы өсіп-жетіледі. Күзде, қар түсісімен сойып, желтоқсанда саудаға шығарады. Қаз шаруашылығының тиімділігіне көзіміз жетті, — дейді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуған.

By admin

Читайте также