Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы «Майра» мектебінің жетекшісі, белгілі дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі Салтанат Қисатова шәкірттерімен бірге Ресейдің Алтай өлкесінде және Моңғолияның Ховда қаласында «Елге сағыныш» атты шығармашылық концертін өткізді.
Екі мемлекетте де жергілікті жұртшылық өнерпазды ерекше ыстық ықыласпен қарсы алып, зор қошеметке бөледі.
Бұл шараның мақсаты – қазақ мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін насихаттау, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды сақтау. Кеш барысында шәкірттері ұлттық әндер мен хит әндерді орындап, көрермендерді қазақ халқының бай мәдениетімен таныстырды.
Салтанат Қисатова – 2017 жылы Павлодар қаласы «Мен қазақпын» республиқалық дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілер телевизиялық мега жобасы облыстық байқауының II орын, 2019 жылы «Тектің сөзі төрісі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын, 2021 жылы Майра Шамсутдинованың 150 жылдығына орай өткен республикалық дәстүрлі әншілер байқауының ІІ орын иегері атанған.