Қос қазақстандық парадзюдошы әлем кубогында алтыннан алқа тақты

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында
Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді. Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді.

Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – алтын жапсырмалы кимономен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.

Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг) аталмыш турнирде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Виктория Потапованы сенімді жеңді.

Ал, ерлер арасында Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) керемет өнер көрсетіп, күміс медальға қол жеткізді. Ол финалға дейін Украина және Грузия спортшыларын жеңіп, финалда литвалық Освальдос Барейкиске жол берді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

By admin

Читайте также