Қазақстан құрамасының спортшысы Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші нәтиже көрсетті.
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Сан Хек Пакпен кездесті. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Шамиль Ожаев Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді. Ал, Әлімхан Сыздықов (130 келі) финалда өнер көрсетеді.
•
🥉Казахстанский борец греко-римского стиля Шамиль Ожаев (до 87 килограммов) стал третьим на чемпионате Азии в Аммане (Иордания).
В схватке за третье место Ожаеву противостоял Сан Хёк Пак (Южная Корея). Встреча завершилась победой казахстанца со счетом 5-1.
Отметим, что ранее завоевал «бронзу» Ибрагим Магомадов (до 77 килограммов).
Алимхан Сыздыков (до 130 килограммов) в свою очередь поборется в финале.
Фото: ДРС