Ақмола облысында су тасқыны кезеңі штаттық режимде өтуде

Көктемнің келуімен Ақмола облысында су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Биылғы жылы өңірде жүргізілген ауқымды жұмыстардың арқасында тұрғындарды табиғаттың тосын мінезінен қорғауға мүмкіндік туды. Өңірдегі 175 елді мекенде су тасқыны қаупін азайту мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.
Атап айтар болсақ. 100 ден астам су бұру арналары жасалып, 35 км-ден астам су тасқыны қаупі бар учаскелерде жаға бекіту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, бөгеттер нығайтылып, жаңа топырақ үйінділері тұрғызылды.

Сонымен қатар, Қылшақты, Жабай, Есіл және Нұра өзендеріне тазарту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде 94 елді мекеннің су астында қалу қаупін айтарлықтай төмендеткен.
Су тасқынының алдын алу шараларына «Демеу Қазақстан қоры» да өз үлесін қосты. Қордың қолдауымен Чапаевская-1, Дамсинск және Жібек жолы ауылындағы бөгеттер жөнделіп, жаңартылды. Сондай-ақ, Сандықтау ауданындағы Жабай өзені, Зеренді ауданындағы Шағалалы және Астрахан ауданындағы Колутон өзендерінің түбі тазартылып, жағалары нығайтылды.

Су тасқыны кезеңіндегі ең өзекті мәселе – еріген қар суының деңгейін бақылау. Биылғы жылы 3 млн текше метрден астам қар шығарылып, 500 мың текше метрден астам су сорылды.Тұрғын үйлерді қорғау мақсатында 60 мыңнан астам құм салынған қаптар төселді.

Бүгінде өңірде қар жамылғысының біртіндеп еруі байқалуда. Дегенмен, сай-сала мен орманды аймақтарда қар әлі де сақталған. Өзендегі су деңгейіне тәулік бойы бақылау жүргізіліп, қауіпті аймақтар ерекше назарға алынған. Мұз кептелістері анықталған жағдайда жару жұмыстары қолға алынбақ.
Жергілікті билік органдары жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Жүйелі шаралар мен уақытылы қабылданған шешімдер биылғы көктемде Ақмола облысының тұрғындары үшін тасқын қауіпін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Паводковый период в Акмолинской области проходит в штатном режиме

Весенний паводок в Акмолинской области проходит без серьезных ЧП благодаря масштабной подготовке и скоординированной работе всех служб. Еще до начала таяния снега власти региона приняли комплекс мер, чтобы обезопасить населенные пункты от большой воды.
Так, в 175 селах обустроили водоотводные каналы протяженностью более 107 километров. Русла рек прочищены на 38 километрах, а в наиболее уязвимых местах провели дноуглубление и укрепление берегов — свыше 35 километров.

Особое внимание уделили дамбам — 131 километр защитных сооружений укрепили, а еще 21 километр новых обвалований возвели с нуля. Установлены сотни водопропускных сооружений, что позволило улучшить отвод талой воды. Привели в порядок и крупные реки региона — Кылшакты, Жабай, Есиль и Нура. В сумме — около 15 километров русел очищено и углублено. Это помогло значительно снизить угрозу подтопления для почти сотни населенных пунктов.
Поддержку оказал и фонд «Демеу Қазақстан қоры». За его счет отремонтированы и построены три гидротехнических сооружения, включая плотины в селе Жибек Жолы, Чапаевскую-1 и Дамсинскую.
Объем вывезенного снега в этом году превысил три миллиона кубометров — это в полтора раза больше, чем в 2024-м. Откачано более 500 тысяч кубов талой воды, а это уже в 11 раз превышает прошлогодние показатели. Чтобы защитить дома, использовано более 60 тысяч мешков с инертными материалами.

Сейчас снег постепенно сходит, хотя в оврагах, балках и лесных массивах еще сохраняются его остатки. Начинается второй этап паводка — движение талых вод по бассейнам рек. На наиболее уязвимых участках установлен круглосуточный мониторинг уровня воды. В случае необходимости проводятся взрывные работы для устранения ледяных заторов.
Работа продолжается, и паводковая ситуация в регионе остается под особым контролем.

By admin

Читайте также