Баспасөз хабарламасы

 

IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000ға кіреді?

 

IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады.

Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peer жобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі.

Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanat жобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.

 

IQanat Олимпиадасы жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.

 

Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

 

IQanat Олимпиадасы – білім сынағы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшыларға арналған ұмытылмас тәжірибе, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер!

 

 

 

Пресс-релиз

 

Олимпиада IQanat в Акмолинской области: кто войдет в ТОП-1000?

 

Олимпиада IQanat продолжает охватывать регионы Казахстана, и теперь к интеллектуальному соревнованию присоединяется Акмолинская область. В течение трех дней более 400 учеников сельских школ региона, успешно прошедших первый тур, будут соревноваться в тестировании, чтобы войти в число 1000 финалистов.

 

Особенность и «фишка» этого года – проект Peer-to-Peer. Олимпиада IQanat приобрела новый смысл, превратившись не только в конкурс знаний, но и в площадку для образовательного наставничества. Теперь старшеклассники и выпускники IQanat становятся наставниками (тьюторами) для младших школьников, преподавая уроки и помогая им восполнить пробелы в знаниях по школьным предметам.

 

Отметим, что помимо экзаменационного процесса, участников ждут мотивационные тренинги, квесты, командные игры и развивающие активности. Поддержку детям оказывают 11 тьюторов и 7 аламников, которые помогают им раскрыть потенциал и подготовиться к дальнейшим академическим вызовам.

 

Олимпиада IQanat ежегодно охватывает более 50 000 сельских восьмиклассников, из которых 70% представляют социально уязвимые семьи. IQanat – это не просто соревнование, а шанс на трехлетнюю подготовку к поступлению в ведущие вузы Казахстана и мира, включая Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University и другие престижные университеты.

 

По итогам второго тура будут определены 1000 финалистов со всей страны. Часть из них получит возможность обучения в школе-пансионате IQanat в Боровом, а другие – бесплатное постолимпиадное сопровождение с интенсивной подготовкой к ЕНТ, международным экзаменам, изучением английского языка, IT-навыков и предпринимательства.

 

Олимпиада IQanat – это не только испытание знаний, но и незабываемый опыт, вдохновение и новые возможности для будущих лидеров!

 

 

 

By admin

Читайте также