Қорғалжын ауданындағы білім саласының оң өзгерістері
Қорғалжын ауданының білім беру саласы жыл сайын даму үстінде. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, ауданда 7 мыңнан астам адам тұрады. Барлығы 18 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. Осындай шағын ауданның білім жүйесі үздіксіз жетілдіріліп, оқушыларға заманауи білім беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қорғалжын ауданында 13 мектеп жұмыс істейді. Бүгінде бұл білім ордаларында екі мыңға жуық оқушы оқиды, оларға 403 білікті педагог білім беруде.
«Қосымша білім беру мекемелері де белсенді қызмет атқарады. Р. Есімжанова атындағы балалар музыка мектебінде 194 бала өнердің қыр-сырын меңгерсе, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында 230 оқушы өз қабілеттерін дамытып келеді» , деп толықтырды спикер.
Аудандағы білім беру нысандары заман талабына сай жаңартылуда. Мәселен, Жантеке ауылындағы жалпы орта білім беретін мектепте 2024 жылы басталған екі жылдық күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл мектеп жақын арада жаңа кейіпке еніп, оқушыларға жайлы әрі ыңғайлы оқу ортасын ұсынбақ.
Оқу сапасын арттыру мақсатында аудан мектептері жаңа технологиялық құралдармен жабдықталуда. 2024-2025 оқу жылында бірнеше мектеп заманауи оқу кабинеттеріне ие болды. Аудан әкімінің айтуынша, жаңа құрал-жабдықтар оқу үдерісін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына және білім сапасын арттыруға септігін тигізіп келеді.
«Қорғалжын ауданының білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасын табады. Жаңа технологиялар мен оқу құралдары арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру, олардың ғылым мен инновацияға деген қызығушылығын арттыру – басты міндеттердің бірі. Ауданның білім саласы жаңашылдыққа бет бұрып, болашаққа нық қадам жасауда», деп түйіндеді Дархан Бейсембеков.
Помощь без границ: как в Коргалжынском районе решают проблему нехватки врачей
Не секрет, что сельские регионы больше других ощущают кадровый голод в медицине. Для решения этой проблемы медикам предоставляют меры социальной поддержки. Однако для полного устранения дефицита требуется немало времени. Для того, чтобы не оставлять сельчан без медицинской помощи в Коргалжынский район регулярно привлекают специалистов из столицы, сообщает Региональная служба коммуникаций.
Жителей района обслуживает районная больница и поликлинника, а также врачебная амбултория, фельдшерско-акушерский пункт и 10 медпунктов.
«В целях привлечения врачей в сельскую местность оказывается социальная поддержка на сумму 5 млн тенге. В 2024 году эта помощь была оказана трем врачам. В прошлом году акимат выделил для прибывших врачей девять квартир, все врачи обеспечены жильем», — рассказал заместитель акима Коргалжынского района Дархан Бейсембеков.
Каждую субботу из Астаны сюда приезжают узкие специалисты и проводят прием для сельчан. Среди них кардиолог, окулист, оториноларинголог, эндокринолог, невропатолог, психиатр-нарколог.
Материально-техническую базу пополнили четыре современных медоборудования на сумму более 30 млн тенге и медицинский транспорт.
«Продолжается капитальный ремонт районной больницы. Завершены ремонтные работы на третьем этаже и столовой больницы. Демонтирована входная часть здания, залит новый фундамент. Утеплен фасад, проведена внутренняя отделка, прокладка электропроводки, укладка плитки, сантехнические работы», — добавил спикер.
В четырех селах района планируют построить медицинские пункты.
«Самая главная проблема — дефицит санитарного транспорта. Некоторые села района находятся на расстоянии 70 км, поэтому в 2025 году нам будет передан новый автомобиль скорой помощи», — заключил замакима.