Ақмола облысында сумен толық қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде

Ақмола облысында барлық тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын белсенді іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда қалаларда сумен қамтамасыз ету деңгейі 99%-ды, ал ауылдық жерлерде – 96,6%-ды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіліп, облыс тұрғындарының барлығы сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Бағдарламаны қалаларда аяқтау үшін биыл бірқатар маңызды жобалар іске асырылады. Көкшетауда (Станционный кентінде), Қосшыда (төртінші кезең), Макинск және Ерейментауда су құбыр желілерін салу жұмыстары аяқталуда. Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге және облыстық бюджеттен 839 млн теңге бөлінген.

«Ауылдық елді мекендерге де ерекше көңіл бөлінді. Биыл облыстың 37 ауылында, соның ішінде Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау және Целиноград аудандарында, сондай-ақ Қосшы және Степногорск қалаларында жаңа су құбыр желілерін салу басталады. Сондай-ақ, тұрғындар саны аз елді мекендер үшін заманауи кешенді блок-модульді су тазалау қондырғыларын  орнату көзделген. Бұл шаралардың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізеді, ал облыста сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетеді», — деп атап өтуде Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңарту мен реконструкциялауға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта су құбыр желілерінің тозуы 50%-ды, ал су ағызу жүйелерінің тозуы 56%-ды құрайды.

Биыл облыста сумен жабдықтау және су ағызу желілерін жаңартуға бағытталған 17 млрд теңгеге 70 ірі жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 45-ке жуық жоба аяқталып, 400 шақырымнан астам желі реконструкцияланады деп күтілуде, бұл коммуникациялардың тозуын азайтып, сенімділігін едәуір арттырады.

Жұмыстар жеделдетілген қарқынмен жүргізілуде және жақын арада Ақмола облысының тұрғындары сумен жабдықтау жүйесіндегі елеулі жақсарулардың сезіне алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Акмолинская область движется к полной

обеспеченности водой

 

Акмолинская область продолжает активную реализацию программы по обеспечению всех жителей региона качественной питьевой водой. На сегодняшний день уровень доступа к водоснабжению в городах составляет 99%, а в сельской местности — 96,6%. В соответствии с поручением Президента, в этом году планируется довести этот показатель до 100%, обеспечив водой каждого жителя региона.

Для завершения программы в городах в этом году будет реализован ряд ключевых проектов. Завершается строительство водопроводных сетей в Кокшетау (посёлок Станционный), Косшы (четвёртая очередь), Макинске и Ерейментау. На эти цели выделено 1,7 млрд тенге из республиканского бюджета и 839 млн тенге из областного бюджета.

«Особое внимание уделено и сельским населённым пунктам. В текущем году в 37 селах региона, включая районы Аккольский, Атбасарский, Бурабайский, Биржан сал, Ерейментауский, Есильский, Жаркаинский, Зерендинский, Коргалжынский, Сандыктауский и Целиноградский, а также города Косшы и Степногорск, начнётся строительство новых водопроводных сетей. Дополнительно, для малочисленных населённых пунктов предусмотрена установка современных комплексных блок-модулей очистки воды. По итогам этих мер более 12 тысяч человек получат доступ к чистой питьевой воде, а уровень водоснабжения в области достигнет 100%», — сообщили в управлении энергетики и ЖКХ Акмолинской обасти.

Особое внимание уделено модернизации и реконструкции существующей инфраструктуры. В настоящее время износ водопроводных сетей составляет 50%, а систем водоотведения – 56%.

В текущем году в области реализуется 70 масштабных проектов на сумму 17 млрд тенге, направленных на обновление сетей водоснабжения и водоотведения. В результате ожидается завершение порядка 45 проектов и реконструкция более 400 километров сетей, что позволит сократить износ коммуникаций и значительно повысить их надёжность.

Работы продолжаются в ускоренном темпе, и уже в ближайшее время жители Акмолинской области смогут ощутить значительные улучшения в системе водоснабжения.

By admin

Читайте также