«Қазақстанның желдеткіш құрылғыларын өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Марат Баққұлов өз сөзінде кәсіпорын басшылығы тарапынан бизнес жұмысын әкімшілендіруге тоқталды.
«Ешқандай кәсіпкер салықты көтеруді “жақтаймын” деп айтпайды, бұл түсінікті. Бірақ адал әрі ашық жұмыс істейтіндер, біздер салықты барлығы төлеуі керек деп айтамыз. Яғни, салық көлемі төмендетілетін жекелеген санаттар болмауы керек, өйткені бұл қашан да «сұр» схемаға айналады», — деді Марат Баккулов жалақы жүйесін «сұр» жүйеге әдейі көшіру әдісі туралы.