Цифрлық Әділет – Қазақстан құқықтық сауаттылықты қалай арттыруда және заң көмегінің қолжетімділігі Цифровая юстиция: как Казахстан повышает правовую грамотность и доступность юридической помощи

 

 

 «Адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет. Әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалап, өз іс-әрекеттерінің құқықтық салдарын нақты түсінуі тиіс», — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000-нан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.

 «Әрбір цифрлық реформа, әсіресе заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін қол жетімді сот төрелігіне қадам болып табылады», — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол eup.kz. сайтында онлайн режимде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған. Сондай-ақ, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы қазір қолжетімді, оның шеңберінде азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап ала алады. Жүйе 2000-ға жуық адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.

Бұдан басқа, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызметтің арқасында Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ  200 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 70 мың келісімін заңды түрде ресімдей алды. Ақмола облысы бойынша нотариусқа бармай-ақ 6000-ға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 1300 мың келісімін ресімдей алды.

Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді ЖСО қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% — от қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.

Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд. теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Үнемдеу сомасы азаматтардың пайдасына 550 млн. теңгені құрады.

Ақмола облысы бойынша 327,9 млн теңге сомасына 16 999 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалды, оның ішінде 63,5 млн теңге сомасына 3 378 атқарушылық іс жүргізу аяқталды.
Облыс тұрғындары жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді болдырмау есебінен 81, 9 млн теңге үнемдеді.

2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:

ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі-қарапайым заңгерлік консультациялар мен құжаттарды жинауға көмектесу үшін чат-бот.

Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін өседі, бұл азаматтарды жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдейді.

Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады.

Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді жақсартуға ықпал етеді. Қызметтерді оңайлату жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар уақыт пен ақшаны үнемдейді, осы қызметтерді алуда қолжетімділік пен ыңғайлылық артады, сондай-ақ әкімшілік кедергілер азаяды, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің басшысы

Баукен Серікұлы Әлмеш

 

 

 

«Следует последовательно повышать правовую культуру людей, культивировать в общественном сознании созидательные ценности. Каждый гражданин должен оценивать свои слова и действия с точки зрения закона, четко понимать правовые последствия своих поступков», — Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев.

В рамках исполнения поручений главы государства Министерство юстиции проводит активную разъяснительную работу по повышению правовой грамотности населения.

Так, в 2024 году запущены акции «Народный юрист», «Юстиция консультирует», «День открытых дверей» и «Дни бесплатной юридической помощи», в рамках которых граждане получают правовую поддержку и консультации. Во всех регионах страны проведено 1 310 разъяснительных мероприятий, охвативших более 100 000 человек.

Для повышения правовой грамотности в сельской местности открыто около 2 000 «Кабинетов права» на базе уголков Egov в районных и сельских клубах, центрах досуга и других общественных местах. Кабинеты оснащены техническими средствами с доступом к ИПС «Әділет», базе данных «Закон» и информационным системам (e-otinish, портал «Открытые НПА» и др.), что позволяет гражданам самостоятельно изучать действующее законодательство.

«Каждая цифровая реформа — это шаг к более доступному правосудию, особенно для жителей отдаленных регионов, где ранее юридическая помощь была ограничена», — Президент Касым-Жомарт Токаев.

Запущена единая информационная система юридической помощи E-ZanKomegi, доступная на сайте eup.kz и в мобильном приложении Zan Komegi. Система позволяет получать юридические консультации в онлайн-режиме, в том числе через видеозвонки. В платформе участвуют около 2 000 адвокатов и юридических консультантов, что делает квалифицированную помощь доступной для граждан по всей стране.

Кроме того, действует единая нотариальная информационная система «Е-нотариат», которая позволяет оформлять доверенности и согласия супругов онлайн через видеозвонок, за исключением распоряжения недвижимостью. Для повышения безопасности используется биометрическая идентификация клиентов и сервис QR-подписания, а результаты услуг доступны в разделе «Цифровые документы» мобильного приложения EgovMobile 24/7.

Благодаря этим цифровым решениям граждане Казахстана уже оформили около 200 000 доверенностей и 70 000 согласий супругов, не посещая нотариуса.

 

В Акмолинской области оформлено 6 000 доверенностей и 1 300 согласий супругов онлайн.

Одним из значимых достижений стало внедрение «Робота судебного исполнителя». Теперь при неуплате административных штрафов до 20 МРП система автоматически возбуждает исполнительное производство без участия частного судебного исполнителя (ЧСИ). Граждане получают уведомления через SMS и Egov Mobile, избегая дополнительных затрат в размере 25% от суммы штрафа и необходимости посещения ЧСИ.

С момента запуска системы возбуждено более 109 000 исполнительных производств на сумму 2,2 млрд тенге, а экономия граждан составила 550 млн тенге.

В Акмолинской области возбуждено 16 999 упрощенных исполнительных производств на сумму 327,9 млн тенге, из которых уже окончено 3 378 дел на сумму 63,5 млн тенге. Благодаря автоматизации жители региона сэкономили 81,9 млн тенге на оплате услуг судебных исполнителей.

В 2025 году Министерство юстиции продолжит цифровизацию услуг, делая их еще более удобными и доступными. Среди ключевых нововведений:

ИИ-помощник «Айтеке» – чат-бот, который сможет давать юридические консультации и помогать в сборе документов.

Расширение компетенции «Робота судебного исполнителя» – теперь он будет обрабатывать задолженности до 40 МРП вместо 20, что позволит сэкономить гражданам до 12,2 млрд тенге в год.

Эти инструменты сделают получение юридических услуг еще проще, оперативнее и доступнее 24/7.

Принятые меры не только помогают гражданам экономить время и деньги, но и повышают правовую грамотность, делают процесс получения юридических услуг прозрачным и удобным. Казахстан уверенно движется к созданию эффективной и доступной цифровой юстиции.

 

Руководитель

Департамента юстиции

Акмолинской области

Баукен Серікұлы Әлмеш

 

By admin

Читайте также