«Кешенді жоспар бойынша әрекет ету қажет»: Ақмола облысында су тасқынына қарсы дайындық басталды
Биыл өңір басшылығы су тасқынына дайындықты ерте бастау туралы шешім қабылдады. Қыс мезгілі әлі аяқталмаса да, тәулік бойы осал аймақтарды қорғау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әсіресе, үш аудан арқылы өтетін Жабай өзенінің арнасын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақмола облысының әкімі барлық өңірлерде кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаралар көктемгі су тасқыны кезінде Атбасардағы су басу қаупін азайтуға көмектеседі. Өзеннің жағалауы қамыс пен ағаш өсімдіктерінен тазартылып, арнасы 35 метрге дейін кеңейтіліп, тереңдігі 3 метрге дейін ұлғайтылуда.
«Біз судың ағысын жылдамдатып, өзеннің арнасынан асып төгілуіне жол бермейміз. Ең осал тұстарда екі қорғаныс бөгеті салынады. Балкашинода тереңдігі шамамен бес метр болатын су қоймасы пайда болады. Артық су осы қоймаға жіберіліп, кейін ауыл тұрғындарының қажетіне жаратылады. Дәл осындай жұмыстар Атбасар ауданында да атқарылады», – деді жобалық компанияның басшысы, «Бахыт-Гидро» ЖШС директоры Бахыт Бесжігітова.
Ауқымды жобаны келесі жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінде жұмыстың жартысына жуығы орындалды. Жобаның жүзеге асуына «Демеу Қазақстан» қорының қаржыландыруы мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, биыл көктемде Атбасардағы топырақ бөгеті бойында үш су өткізгіш құрылғының құрылысы аяқталады.
Өңір басшысы Сандықтау және Атбасар аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрді.
«Қазіргі таңда 38,2 текше метр темірбетон құбырлар, металл құрылғылар мен шлюздер бұзылып, ауыстырылды. Сонымен қатар, 45 текше метр топырақ қазылып, 10 метрге жылжытылды. Диаметрі 10 метр болатын құбырлар төселіп, су қабылдайтын арматураның қаптамасы жасалды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сай орындалуда», – деп баяндады Атбасар ауданының әкімі Кеңеш Әлімжанов.
Айта кетейік, облыста алты ірі су айдынына осындай жұмыстар жүргізіледі. Бұл ондаған елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Жазда біз қауіпті аймақтардағы тұрғындарды көшіру жұмыстарын жүргіздік. 400-ден астам отбасы Атбасарға қоныстандырылып, жаңа үйлермен қамтамасыз етілді. Осылайша, тұрақты су басу қаупі бар аймақтар қазір бос тұр. Көктемгі жағдай ауа температурасына, жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың тоңдану деңгейіне байланысты болады. Біз бұл мәселелерді жіті бақылауда ұстаймыз. Жедел штаб құрылды. Бүгін біз мердігерлер мен өзге де мүдделі органдардың қатысуымен алғашқы өңіраралық кеңес өткіздік. Тәуекелдер әрдайым бар, бірақ біз оған дайын болуымыз керек», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Өңір басшысы Атбасар ауданының жергілікті билік өкілдері, төтенше жағдай департаменті, прокуратура, кәсіпкерлер және өзге де мүдделі тұлғалармен кеңейтілген жиын өткізді.
«Су тасқыны үшінші онкүндікте күтілуде. Өткен жылы Атбасар ауданында мыңнан астам үй зардап шекті. Әлі де 20 елді мекенді су басу қаупі сейілген жоқ. Барлық ауылдарда қарсы шаралар толық жүргізілген жоқ. Мысалы, Сочинск ауылында соңғы үш жылда ешқандай инженерлік жұмыстар атқарылмаған. Су қоймасындағы су деңгейі көтеріліп, 20-дан астам үйге қауіп төніп тұр. Жыл сайын қорғаныс шаралары өз күшімізбен жасалғанымен, күтілетін нәтиже бермей келеді. Атбасардағы топырақ бөгеті де алаңдаушылық тудырады. Сондықтан ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау қажет», – деді аймақ басшысы.
Марат Ахметжанов жиналысқа қатысушыларға өткен жылғы қателіктерді қайталамау керектігін ескертіп, барлық жұмыстарды жоспарға сәйкес кешенді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Қар суы мен көлдердің тасу қаупін қоса есептегенде, барлық ықтимал қауіптер ескерілуі керек. Дайындық уақтылы жүргізіліп, қолданылатын шаралар тиімді болуы тиіс», – деді облыс әкімі.
«Необходимо переходить к комплексному подходу»: в Акмолинской области начали подготовку к паводкоопасному периоду
В этом году руководством региона принято решение начать подготовку к паводкоопасному периоду заранее. Несмотря на то, что на дворе все еще разгар зимы, в круглосуточном режиме ведутся работы по защите наиболее уязвимых местностей. Особое внимание уделяют расширению русла реки Жабай, которая проходит через три района. Как подчеркнул аким Акмолинской области, важно, чтобы все регионы были охвачены комплексной работой.
Сегодня активно ведутся работы по расширению русла реки Жабай в селе Балкашино. Эти меры помогут предотвращать подтопления в Атбасаре в паводкоопасный период. Проводится расчистка поймы реки от камышовой и древесной растительности, а также углубление русла реки шириной 35 и глубиной до 3 метров.
«Мы увеличиваем скорость реки, тем самым предотвращая разлив воды. Будут две защитные дамбы на самых уязвимых точках. В Балкашино будет водоем глубиной около пяти метров. Излишки воды будут отводится сюда и использоваться в дальнейшем для нужд сельчан. Такие же работы будут выполняться и в районе Атбасара», — рассказала руководитель проектной компании ТОО «Бахыт-Гидро» Бахыт Бесжигитова.
Масштабный проект планируют реализовать до конца мая следующего года. На сегодня завершена почти половина запланированных работ. Реализация проекта стала возможна благодаря финансированию фонда «Демеу Казахстан Коры».
Кроме того, этой весной завершится строительство трех водопропускных сооружений в теле насыпной дамбы, расположенной в Атбасаре.
Ход работы лично проконтролировал глава региона в рамках рабочей поездки в Сандыктауский и Атбасарский районы.
«На сегодня произведен демонтаж водопропускных железобетонных труб – 38,2 кубических метров, металлических закладных и затворов. Кроме того, разработан грунт с перемещением до 10 метров – 45 кубометров. Произведена также укладка труб диаметром протяженностью 10 метров и обвязка арматуры водоприемника. Работы продвигаются согласно запланированному графику», — доложил аким Атбасарского района Кенеш Алимжанов.
Стоит отметить, что в регионе аналогичными мероприятиями будут охвачены шесть крупных водоемов, что гарантирует безопасность десяткам акмолинским населенным пунктам.
«Надо отметить, что летом мы проводили работу по переселению жителей с опасной зоны. Более 400 семей мы перевезли в Атбасар, выделили новое жилье. Таким образом, зоны регулярного подтопления сегодня не населены. Обстановка будет зависеть от температуры весенней, количества осадков, промерзлости почвы. Все эти вопросы мы будем держать на контроле. Создан оперативный штаб. Сегодня провели первое межрегиональное совещание с подрядчиками и с другими заинтересованными органами. Риски всегда есть, но мы должны быть готовы», — отметил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов на расширенном заседании с представителями местной власти Атбасарского района, департамента по ЧС, прокуратуры, бизнеса и другими заинтересованными лицами.
«Паводок ожидается в третьей декаде. В прошлом году пострадали свыше тысячи домов в Атбасарском районе. До сих пор не снята угроза подтопления 20 населенных пунктов района. Не все населенные пункты охвачены противопаводковыми мероприятиями. В Сочинском, к примеру, на протяжении трех лет не проводились инженерные мероприятия, водохранилище растет, под угрозой свыше 20 домов. Из года в год меры защиты выполняются хоз.способом, что не дает ожидаемых результатов. Настороженность вызывает Атбасарский земляной вал. Нужно работать на долгосрочную перспективу», — добавил аким области.
Марат Ахметжанов обратился к участникам встречи, подчеркнув то, что ошибки прошлого года не должны повториться, а вся работа должна вестись комплексно строго в соответствии с планом.
«Необходимо учитывать все возможные риски, включая подтопления от талых вод и разливов озер. Подготовка должна быть своевременной, а меры — эффективными», — отметил глава региона.