Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды
📌 Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда.
➤ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
➡️ Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.
🔷 Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
➡️ Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.
«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
📱 @KZgovernment
Год рабочих профессий: объявлено о запуске новой жилищной программы для технических специалистов «Наурыз жұмыскер»
📌 В рамках инициированного Главой государства Года рабочих профессий Правительством принимаются меры поддержки технических специалистов.
➤ По поручению Премьер-министра Олжаса Бектенова для решения жилищного вопроса специалистов рабочих профессий объявлен запуск новой программы Отбасы банка «Наурыз жұмыскер».
Программа охватывает работников сфер промышленности, энергетики, транспорта, сельского хозяйства и водных ресурсов.
➡️ В текущем году в рамках программы «Наурыз жұмыскер» планируется выдать представителям рабочих профессий порядка 2 440 займов на сумму 72 млрд тенге.
Начало приема заявок запланировано на 17 марта 2025 года. «Наурыз жұмыскер» станет частью уже известной жилищной программы «Наурыз».
🔷 По условиям программы заем выдается по ставкам 7% (ГЭСВ от 7,1% до 9,6%) для социально-уязвимых категорий граждан и 9% (ГЭСВ от 9,4% до 13%) для всех остальных категорий. Первоначальный взнос – от 10% при приобретении первичного жилья в чистовой отделке, от 20% при приобретении первичного жилья в черновой отделке и вторичного жилья. Максимальная сумма займа – 30 млн тенге для регионов и 36 млн тенге для Астаны и Алматы.
➡️ Также наряду с программой «Наурыз жұмыскер» Отбасы банк будет работать с отечественными предприятиями в рамках продукта «Корпоративный», что подразумевает выделение средств предприятиями для кредитования своих сотрудников.
«2025 год Президент страны объявил годом рабочих профессий. Шахтеры, металлурги, каменщики, электромонтеры, литейщики выполняют сложную работу. Эти и многие другие профессии обеспечивают нас базовыми потребностями. Забота о таких специалистах – это забота о благополучии всего общества. Многие из них работают в тяжелых условиях. Решение их жилищного вопроса поможет компенсировать условия труда», — рассказала председатель правления Отбасы банка Ляззат Ибрагимова.