Тегін әрі ыңғайлы: Ақмола облысындағы мектептер «BilimClass» платформасына көшті
Ақмола облысындағы мектептер осы оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап, Қазақстан Республикасында әзірленген және білім беру ұйымдары үшін толықтай тегін «BilimClass» отандық цифрлық білім беру платформасына көше бастайды. Бұл туралы Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Бағдат Қадыров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Оның айтуынша, «BilimClass» платформасы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар үшін көпфункционалды қызметтерді ұсынады. Платформа білім беру және әкімшілік процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп, электронды журналдар мен күнделіктерді жүргізу, интерактивті сабақтар өткізу, сондай-ақ ТЖБ/БЖБ сынақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналар бағаларды, кестені, үй тапсырмаларын көріп, қажет болған жағдайда онлайн сабақтарға қатыса алады. Ата-аналар мен оқушыларға мобильді қосымша тегін ұсынылады. Бұл қосымша оқушылардың бағаларын, оқу кестесін және үй тапсырмаларын қадағалауға мүмкіндік береді. Оған қоса, оқушылардың жетістіктері үшін кешбек жүйесі қарастырылған.
«Бұл «BilimClass» платформасы заманауи және ыңғайлы интерфейске ие, сонымен қатар, жарнамалық материалдардан бос. Платформа мемлекеттік деректер базаларымен толық интеграцияланған, бұл деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 2021 жылдың 5 қарашасындағы № KZ50VQQ00041147 ақпараттық қауіпсіздік бойынша сынақ актісі аясында оқушылар мен педагогтардың жеке деректерін сақтау мүмкіндігі қамтамасыз етілген», — деді Бағдат Қадыров .
Айтуынша, 2017 жылдан бері Ақмола облысының мектептері «Kundelik.kz» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесін пайдаланған болатын. Алайда, «BilimClass» платформасына көшу аясында жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтар ұсынылады. Атап айтқанда, Ақмола облысының білім беру ұйымдарына BilimLand, iTest және iMektep модулдеріне тегін қолжетімділік беріледі. Бұл өзгеріс жыл сайын облыс бойынша шамамен 154 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Мектептердің «BilimClass» платформасына көшу кезең-кезеңімен, үшінші тоқсан бойы жүзеге асырылмақ. Бұл көшу мұғалімдерге ешқандай қосымша жүктеме салмайды. Барлық мектептер кезең-кезеңімен платформаны меңгеріп, пайдалану жолдары туралы арнайы оқулар мен нұсқаулықтар алады», — деп толықтырды ол.
Ақмола облысында мектептер үшін «BilimClass» платформасына көшу білім беру сапасын арттыруға және заманауи технологияларды тиімді пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Платформаның тегін әрі тиімді болуы облыс бюджетін үнемдеуге де көмектеседі. Ақмола облысының білім басқармасы бұл өзгерістің білім беру процесін жеңілдетіп, оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа кезеңге жол ашатынына сенімді.
Школы Акмолинской области переходят на отечественную образовательную платформу «BilimClass»
Школы Акмолинской области с третьего квартала текущего учебного года начинают поэтапный переход на отечественную образовательную платформу «BilimClass». Эта цифровая платформа, разработанная в Казахстане, предоставляется образовательным учреждениям абсолютно бесплатно. О нововведении рассказал на брифинге директор Акмолинского регионального центра новых технологий в образовании Багдат Кадыров, сообщает Региональная служба коммуникаций.
По словам спикера, «BilimClass» предлагает множество функций для учителей, учеников и их родителей. Платформа автоматизирует образовательные и административные процессы: здесь можно вести электронные журналы и дневники, проводить интерактивные занятия, тесты, а также управлять расписанием и домашними заданиями.
Для родителей и учеников разработано бесплатное мобильное приложение, с помощью которого можно следить за успеваемостью, расписанием и заданиями. Приятным бонусом для школьников станет система кешбэка за достижения, что будет мотивировать детей к новым успехам.
«Платформа имеет современный интерфейс, свободна от рекламы и полностью интегрирована с государственными базами данных, что гарантирует безопасность данных пользователей. Она также прошла сертификацию по информационной безопасности, что делает ее надежной для использования», — отметил Багдат Кадыров.
Ранее в школах области использовали систему электронных журналов и дневников «Kundelik.kz». Однако переход на «BilimClass» откроет новые возможности и позволит сэкономить значительные средства. Как сообщил Багдат Кадыров, благодаря бесплатному доступу к платформе и интеграции модулей BilimLand, iTest и iMektep ежегодная экономия для области составит порядка 154 млн тенге.
Важно, что переход на новую платформу пройдет поэтапно и не создаст дополнительной нагрузки для учителей. Все образовательные учреждения получают подробные инструкции и обучение по работе с «BilimClass».
Нововведение обещает улучшить качество обучения и упростить образовательный процесс. Теперь ученики смогут получать больше интерактивного контента, родители — оперативно отслеживать успеваемость, а учителя — оптимизировать рабочие процессы.
«Этот переход — важный шаг для образовательной системы региона. Он позволит внедрить современные технологии и создать новые возможности для учителей и учеников», — подчеркнул представитель управления образования.
Платформа «BilimClass» не только улучшит образовательный процесс, но и поможет сэкономить средства областного бюджета. По словам спикера, это изменение станет новым этапом развития школ и сделает образование ещё более доступным и качественным.