Көкшетаулық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастайды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов қоғам өкілдерімен, ардагерлермен және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы 1500 орындық жаңа «Жайлы мектепті» аралады.
Жаңа мектепте 60 оқу кабинеті, физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы зертханалар, IT кабинеттері бар. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепте 4 кең спорт залы, кітапхана, оқу залы және 324 орындық көрермендер залы қарастырылған. Мектеп ғимараты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген,мектеп пандустармен, жеделсаылармен және түзету сабақтарына арналған кабинеттермен жабдықталған. Бірінші қабатта 375 орындық асхана орналасқан.
Педагогикалық құраммен кездесу барысында облыс әкімі мұндай заманауи мектептердің ашылуы ел болашағына бағытталған инвестиция екенін атап өтті.
«Бұл мектеп балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық, спорттық және тұлғалық дамуына мол мүмкіндік ашады», – деді облыс әкімі.
«Біз IT-лицейден осы мектепке жаңа білім мен тәжірибе алу үшін ауыстық. Ұлым 3сыныпта оқиды. Ата-ана ретінде біз өз тарапымыздан заманауи, білімді қазақстандықтарды тәрбиелеуде мектепке көмектесуге дайынбыз», – деді ата-аналар комитетінің өкілі Гүлжан Жақыпова.
Оқушылар мен ата-аналар үшін қолайлы болу мақсатында 9 қаңтардан бастап №6 және №10 қалалық автобус маршруттары ұзартылады. Қоғамдық көлік аялдамасы енді жаңа мектептің алдында орналасқан.
Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында Ақмола облысында жалпы сыйымдылығы 12 200 орындық 9 «Жайлы мектеп» салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі облыс орталығында орналасқан.

 

Кокшетауские школьники начнут обучение третьей четверти в новой Комфортной школе

Аким области Марат Ахметжанов с представителями общественности, ветеранов и СМИ проинспектировал новую комфортную школу на 1500 мест в городе Кокшетау.
В новой школе имеются 60 учебных кабинетов, есть специализированные лаборатории для уроков физики, химии и биологии, а также IT-кабинеты.Для всестороннего развития детей в школе предусмотрено 4 просторных спортивных зала с универсальными площадками, библиотека считальным залом, зрительный зал на 324 места.Здание адаптировано для детей с особыми образовательными потребностями: оборудованы пандусы, лифты и специальные кабинеты для коррекционных занятий. На перовм этаже расположена столовая на 375 мест.
В беседе с педагогическим составомглава регионаотметил, что создание таких современных школ — это инвестиция в будущее страны.
«Эта школа не только предоставляет детям качественное образование, но и открывает широкие возможности для их творческого, спортивного и личностного развития», — подчеркнул аким области.
«Мы перевелись с IT-лицея в данную школу, за новыми знаниями и новым опытом. Мой сын учится в 3 классе. Как родители со своей стороны мы готовы помогать школе в воспитании современных, образованных казахстанцев», — сказала представитель родительского комитета Гульжан Жакупова.
Для удобства школьников и родителей с 9 января продлены маршруты городских автобусов 6, 10. Теперь остановка общественного транспорта находится перед новой школой.
К слову, в Акмолинской области построены все 9 комфортных школ общей вместимостью 12 200 мест в рамкахреализации поручения Президента. Из них 7 школ в Целиноградском районе и 2 школы в областном центре.

By admin

Читайте также