Жоспар орындалды, қаржы игерілді: Ақмола облысының білім басқармасы жұмысын қорытындылады

Ақмола облысында білім беру саласында жыл сайын жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жоспар бойынша бөлінген қаржы тиімді игеріледі. Биыл облыста білім беру саласындағы стратегиялық құжаттардың негізгі индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізіліп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Басқарма басшысының айтуынша, мектепке дейінгі білім беру саласында 2024 жылы 1,5 мыңнан астам жаңа орын құру міндеті қойылған болатын. Бүгінгі таңда 1964 орын құрылды, бұл жоспарланғаннан 121%-ға көп, яғни 341 орынға артық орындалды. 2025 жылы қосымша 840 орындық 3 балабақша құрылысы аяқталады деп күтілуде. Облыс бойынша 597 мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылып, ата-аналарға орташа төлем 17805 теңге көлемінде болды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл соманы 19052,4 теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Орта білім саласында 139 мыңнан астам оқушы білім алатын 534 мектеп жұмыс істейді, ал мектеп контингенті өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,5 мың оқушыға артқан. Облыстағы 528 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің 435-і ауылдық жерлерде орналасқан, оның 342-сі шағын жинақталған мектептер», — деді Айнагүл Балташева.

Биыл Оқу-ағарту министрлігі 126 мақсатты мектепті анықтап, олардың педагогтарының біліктілігін арттыру және заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жобалар іске асырылуда. Бұл жобалар аясында 400-ден астам педагог оқытылды, ал 2025 жылы қосымша курстар өткізу жоспарланған.

«Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 8142 бала және 56154 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 10 мыңнан астам балабақша тәрбиеленушілерін тегін тамақтандыру үшін облыстық бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінген. Ақмола облысында мектептердегі тамақтану бағасы 2025 жылдың басынан бастап артады. Жоспар бойынша, тамақтану құны бір оқушыға 715 теңгеден 808 теңгеге дейін көтерілмек. Бұл өзгеріс балалардың тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған», — деп толықтырды спикер.

Биыл 10035 оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілген, ал 20 мектеп автобусы сатып алынды. 2025 жылы автобус паркі тағы 9 бірлікке толықтырылады.
Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 12 200 орындық 9 білім беру нысаны салынуы жоспарланған болатын, оның 6-ы қазірдің өзінде іске қосылды. Қалған 3 мектеп жақын арада пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп ашылды.
Көкшетау қаласында 2 балабақша мен жоғары техникалық колледж үшін 300 орындық жатақхана құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Көкшетау қаласында тағы бір 300 орындық жатақхана іске қосылады.

Оқыту үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы облыс бойынша 113 білім беру нысанында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсаттарға облыстық және республикалық бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, үш жылдық жоспар аясында 90 мектеп жаңартылып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 12 мыңға жуық бала бар, олардың 1817-сі мүгедек балалар. 2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, қазіргі таңда облыста 84 кабинет жұмыс істейді. Сонымен қатар, психологиялық қолдау орталығы құрылып, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны іске қосылды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде облыста 29 колледж жұмыс істейді, оның 83%-ы тегін оқумен қамтылған. 2025 жылы 5700 талапкерді қабылдау жоспарланып, оның 600-і нысаналы даярлық шеңберінде қабылданады»,- деп түйіндеді Айнагүл Балташева.

Жыл сайын облыста 23 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады. Биыл 5 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, қараша айында Көкшетау қаласында алғаш рет педагогтар саммиті ұйымдастырылды. Семинарда әлеуметтік-эмоционалды оқыту, инклюзивті білім беру және білім беру технологиялары саласында халықаралық сарапшылардың тренингтері өткізілді.

Ақмола облысының білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай дамып, оқу үдерісіне инновациялық технологиялар енгізіле отырып, барлық білім беру деңгейлерінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілуде

 

План выполнен: управление образования Акмолинской области подвело итоги работы

В Акмолинской области продолжает активно развиваться сфера образования. В 2024 году достигнуты все основные индикаторы, предусмотренные стратегическими документами, а также выполнены задачи, изложенные в Послании Главы государства. Руководитель областного управления образования Айнагуль Балташева рассказала об итогах работы в сфере образования на брифинге, сообщает Региональная служба коммуникаций.

В сфере дошкольного образования в 2024 году была поставлена задача создать более 1,5 тысяч новых мест, и эта цель была перевыполнена. На сегодняшний день создано 1964 места. В 2025 году ожидается завершение строительства 3 дополнительных детских садов на 840 мест. В 597 дошкольных учреждениях области реализуется государственный образовательный заказ.

“В этом году бесплатным горячим питанием обеспечены более 8 тысяч детей из социально уязвимых семей и более 56 тысяч учащихся начальных классов. Также предусмотрено бесплатное питание для более 10 тысяч воспитанников детских садов из социально уязвимых семей. С начала 2025 года в школах области планируется повышение цен на питание, что направлено на улучшение его качества”, — рассказала руководитель областного управления образования.

Перевозка учащихся обеспечена для более 10 тысяч детей, в том числе было приобретено 20 школьных автобусов. В 2025 году автобусный парк пополнится еще на 9 единиц.

В рамках национального проекта «Комфортная школа» в текущем году запланировано строительство 9 образовательных объектов на 12 200 мест, 6 из которых уже введены в эксплуатацию. Оставшиеся 3 школы будут сданы в ближайшее время. В городе Кокшетау завершено строительство двух детских садов и общежития на 300 мест для высшего технического колледжа, а до конца года планируется запуск еще одного общежития на 300 мест.

Для создания благоприятной образовательной среды в области в этом году проведен капитальный и текущий ремонт 113 объектов образования. В рамках трехлетнего плана обновляется современное оборудование в 90 школах.

“На сегодняшний день в области насчитывается около 12 тысяч детей с особыми образовательными потребностями, из которых более 1800 – дети с инвалидностью. В 2024 году открыто 28 кабинетов поддержки инклюзии, и в настоящее время функционирует уже 84 таких кабинета. Также создан Центр психологической поддержки, запущен круглосуточный телефон доверия”, — отметила спикер.

В системе технического и профессионального образования области действуют 29 колледжей, 83% из которых предлагают бесплатное обучение. В 2025 году планируется принять 5700 абитуриентов, из которых 600 человек будут зачислены по целевой подготовке.

“В 2024 году курсы повышения квалификации прошли более 5 тысяч специалистов. В ноябре в Кокшетау состоялся первый саммит педагогов, на котором прошли тренинги с международными экспертами по социально-эмоциональному обучению, инклюзивному образованию и образовательным технологиям”, — дополнила Айнагуль Балташева.

By admin

Читайте также