Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеп келеді

Ақмола облысында қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде. Бұл шаралар облыс аумағындағы қылмыс деңгейінің төмендеуіне себеп болды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Утекин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 1,5%-ға, ал орташа және жеңіл дәрежедегі қылмыстардың саны 12%-дан астамға төмендеген. Ауыр қылмыстар бойынша да елеулі өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бопсалау, тонау және ұрлық қылмыстарының саны азайған. Әсіресе, мал ұрлығына қатысты жағдай едәуір жақсарған.

«Кісі өлтіру қылмысына қарсы іс-қимыл жасау бағдарламасы айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Кісі өлтіру деректерінің ашылу көрсеткіші 100% болды. Соңғы бес жылда олардың саны екі есеге азайып, 2024 жылы тек 28 оқиға тіркелді. Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 25 жыл бойы іздеуде болған аса ауыр қылмыстар жасаған қылмыскер ұсталды», — деді Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Утекин.

Интернет алаяқтықтарына қарсы күреске ерекше назар аударылып жатыр, өйткені цифрландыру жағдайында бұл қылмыс түрі өзекті болуда. Биыл осы құқық бұзушылықтардың саны 9,6%-ға төмендеген. 136 құқық бұзушылық ашылып, 317 фишингтік сайт бұғатталды, 188 «дроппер» — ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған адамдар анықталды. 2025 жылдың қаңтарында киберқылмыстармен күресу үшін жаңа басқарма құру жоспарланып отыр, ол осы қылмыстарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыс істейтін болады.

Есірткімен күрес саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жылы 278 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 366 кг-нан астам есірткі тәркіленді, екі есірткі зертханасы жойылды және тоғыз ірі жеткізу арнасы бұзылды. Профилактикалық шараларға да үлкен көңіл бөлінген: 1000-нан астам іс-шара, рейдтер, лекциялар, семинарлар және волонтерлер мен ҮЕҰ қатысуымен акциялар өткізілді.

«Департамент тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға да белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылық бойынша 450 қылмыстық іс тіркелді, оның 55-і сотқа жіберілді. 130-дан астам зардап шеккен адам, оның ішінде әйелдер мен балалар, дағдарыс орталықтарынан көмек алды», — деп атап өтті спикер.

Жол қауіпсіздігі мәселесі де басымдықты бағыттардың бірі болып қала береді. Жол-көлік оқиғаларының саны 47,5%-ға артқанымен, қаза тапқандардың саны 15,5%-ға азайған. Авариялардың алдын алу үшін 14 ірі іс-шара өткізілді, ал жолдардағы бақылау 85 автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылуда.

Қылмыспен күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралар Ақмола облысындағы полиция жұмысының жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бұл бағыттарды әрі қарай нығайту, заманауи технологияларды пайдалану және профилактикалық шараларды кеңейту жоспарлануда

 

Уровень преступности снизился в Акмолинской области

В регионе проводится комплекс мероприятий для стабилизации криминогенной ситуации и обеспечения безопасности граждан. Они позволили снизить уровень преступности на территории региона. Об этом на брифинге рассказал замначальника Департамента полиции Акмолинской области Бахтияр Утекин, передает Региональная служба коммуникаций.

Так, регистрация уголовных правонарушений снизилась на 1,5%, а количество преступлений средней и небольшой тяжести сократилось более чем на 12%. Существенные изменения наблюдаются и по ряду тяжких преступлений. Так, уменьшилось число случаев причинения тяжкого вреда здоровью, вымогательств, грабежей, краж. Особенно заметным стало сокращение скотокрадства.

“Программа по противодействию убийствам дала ощутимые результаты: раскрываемость убийств составила 100%. За последние пять лет их количество сократилось почти вдвое, и в 2024 году зарегистрировано только 28 случаев. Кроме того, благодаря оперативно-розыскным мероприятиям был задержан преступник, находившийся в розыске более 25 лет за совершение ряда особо тяжких преступлений, включая пять убийств”, — рассказал замначальника Департамента полиции Акмолинской области Бахтияр Утекин.

Особое внимание уделяется борьбе с интернет-мошенничествами, которые в условиях цифровизации становятся одним из самых актуальных видов преступлений. В этом году число таких правонарушений снизилось на 9,6%. Раскрыто 136 эпизодов, заблокировано 317 фишинговых сайтов, выявлено 188 «дропперов» – лиц, участвовавших в обналичивании украденных средств. В январе 2025 года планируется создание управления по борьбе с киберпреступностью, которое сосредоточится на выявлении подобных преступлений и их предотвращении.

В сфере борьбы с наркотиками также зафиксированы значительные успехи. За год выявлено 278 наркоправонарушений, изъято более 366 килограммов наркотиков, ликвидировано две нарколаборатории и пресечены девять крупных каналов поставок. Большое внимание уделяется профилактике: проведено более 1000 мероприятий, включая рейды, лекции, семинары и акции с привлечением волонтеров и НПО.

“Департамент активно работает и в направлении предотвращения бытового насилия. В текущем году зарегистрировано 450 уголовных дел по семейно-бытовым правонарушениям, из которых 55 направлены в суд. Более 130 пострадавших, включая женщин и детей, получили помощь в кризисных центрах”, — отметил Бахтияр Утекин.

Дорожная безопасность остается одной из приоритетных задач. Несмотря на увеличение количества ДТП на 47,5%, число погибших удалось сократить на 15,5%. Для предотвращения аварий проведено 14 крупных мероприятий, а контроль на дорогах осуществляется с помощью 85 автоматических систем.

Принятые меры в борьбе с преступностью, профилактике правонарушений и защите граждан подтверждают высокую эффективность работы полиции Акмолинской области. Планируется дальнейшее усиление этих направлений с использованием современных технологий и расширением мер профилактики.

By admin

Читайте также