Ақмола облысында үздік энергетиктер марапатталды
Ақмола облысында Энергетика күні аталып өтіліп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан және кәсіби шеберлігімен көзге түскен бір топ еңбек озаты марапатталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Президенттің Жарлығымен «Көкшетау Энерго» ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің жетекші инженері Наталья Ушакова, Қорғалжын аудандық желілерінің басшысы Уәлихан Бейсембеков және «Көкшетау Энерго» ЖШС Щучье ауданаралық электр желілері бөлімшесінің шебері Бақытжан Кәрімов «Құрмет» орденімен марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені Целиноград аудандық электр желілерінің Қоянды желілік – шебер учаскесінің шебері Ганбат Сағынғанға және «Көкшетау Жылу» жылу желілерінің бақылаушысы Талап Игенбаевқа табыс етілді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Көкшетау Жылу» қазандық цехының басшысы Анатолий Кульков марапатталды.
Шарада «Көкшетау Энерго» ЖШС басшысы Досымхан Аралбаевтың еңбегі де аталып өтілді. Саладағы 44 жыл ішінде ол өңірді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, заманауи технологияларды енгізіп, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарта алды.
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов өңір әкімі мен тұрғындардың атынан барлық энергетиктерге шын жүректен алғысын білдірді.
«Облыстың дамуына энергетиктердің қосып отырған үлесі өлшеусіз. Тұрғын үйлерді мен өндіріс орындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз ету энергетиктерсіз мүмкін емес. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктерің алғыс айтуға тұрарлықтай», — деді Елдос Рамазанов.
Айта кетейік, өткен жылы Облыстың энергетика саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Электрмен жабдықтау бойынша 16 жобаны іске асыруға 4,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жеті жоба аяқталды. 26,7 км жаңа желі салынды, ал Бурабай кентінде туристік аймақтағы электр энергиясының тапшылығын жабатын трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңартылды.
Сондай-ақ, 2025-2027 жылдары Көкшетау, Қосшы және Аршалы аудандарында алты жаңа қосалқы станция салу жоспарлануда, бұл қажеттіліктердің өсуі жағдайында энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2024 жылы жылу маусымына дайындыққа 39,9 млрд теңге бөлінді, бұл 22 км жылу желілерін жөндеуге және олардың тозуын 39% — ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. «Инвестиция орнына Тариф» бағдарламасы да айтарлықтай нәтиже беріп, жылу желілерін жаңғыртуға 7,4 млрд теңге жұмсалды.
Лучшие энергетики получили награды в Акмолинской области
Акмолинская область отметила День энергетика торжественным мероприятием, на котором были отмечены лучшие специалисты отрасли. За профессионализм и значительный вклад в развитие энергетики ряд работников получили награды от имени Президента Казахстана, передает Региональная служба коммуникаций.
Указом Президента отмечены выдающиеся специалисты энергетической отрасли. Орденом «Құрмет» награждены ведущий инженер центральной диспетчерской службы ТОО «Кокшетау Энерго» Наталья Ушакова, начальник сетей Коргалжынского района Валихан Бейсембеков, мастер Щучинского межрайонного отделения электросетей ТОО «Кокшетау Энерго» Бакытжан Каримов.
Орден «Еңбек Даңқы» III степени получили Ганбат Сагынган – мастер Кояндинского линейно-мастерского участка Целиноградских районных электрических сетей и Талап Игенбаев – контролер тепловых сетей «Кокшетау Жылу».
Медалью «Ерен еңбегі үшін» награжден начальник котельного цеха «Кокшетау Жылу» Анатолий Кульков.
Также особое внимание на торжестве было уделено заслугам Досымхана Аралбаева, руководителя ТОО «Кокшетау Энерго». За 44 года в отрасли он сумел модернизировать систему энергоснабжения региона, внедрить современные технологии и улучшить условия труда сотрудников.
Первый заместитель акима Акмолинской области Ельдос Рамазанов от имени акима региона и жителей выразил искреннюю благодарность всем энергетикам.
«Ваш труд – основа развития нашего региона. Вы обеспечиваете тепло и свет в домах, стабильность на предприятиях и комфорт в каждом уголке области. Спасибо за профессионализм, ответственность и преданность своему делу», — сказал Ельдос Рамазанов.
К слову, в уходящем году в энергетической отрасли области были достигнуты значительные успехи. На реализацию 16 проектов по электроснабжению было выделено 4,2 млрд тенге, из которых семь проектов уже завершены. Построено 26,7 км новых сетей, а в поселке Бурабай реконструирована трансформаторная подстанция, которая закроет дефицит электроэнергии в туристической зоне.
Также в 2025-2027 годах запланировано строительство шести новых подстанций в Кокшетау, Косшы и Аршалынском районе, что обеспечит стабильность энергоснабжения в условиях роста потребностей.
В 2024 году для подготовки к отопительному сезону было выделено 39,9 млрд тенге, что позволило отремонтировать 22 км тепловых сетей и сократить их износ до 39%. Программа «Тариф в обмен на инвестиции» также принесла ощутимые результаты: на модернизацию тепловых сетей было потрачено 7,4 млрд тенге.