Ақмола облысындағы құрылыс нысандарында 100-ден астам тексеріс жүргізілді
Биылғы жылы Ақмола облысының құрылыс нысандарына қатысты 100-ден астам тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша ондаған заң бұзушылықтар анықталып, сәйкессіздіктерді жоюға нұсқама берілді. Бұл туралы Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бақыдбек Оспанбеков журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері барлығы 108 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша 85 заң бұзушылық анықталып, олар бойынша кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. Осы орайда 23 мердігер ұйым мен 7 техникалық инспектор жобалық құжаттамадан ауытқу және құрылыс стандарттарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұдан басқа, бір жыл ішінде қайталама құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 7 мердігер ұйым әкімшілік жауапқа тартылса, олардың бесеуі бойынша сот шешімі бар.
Есепті кезеңде 33 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, ал соттарға 41 әкімшілік іс бойынша материалдар жіберілді. Сондай-ақ жобалық және рұқсат құжаттамасының жоқтығы үшін 43 құрылыс субъектісі бойынша заң бұзушылықтар анықталды.
«Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап лицензиаттар үшін компанияларды білікті қызметкерлер мен өндірістік базаның болуы туралы өзекті деректерді қолдауға міндеттейтін жаңа ережелер енгізілді. Егер тізілімде расталған мамандар немесе жұмыс істеу үшін қажетті база туралы деректер болмаса, лицензиялар автоматты түрде тоқтатылады немесе жойылады. Бұл деректердің тізілімде болмауы лицензияның алты айға дейін тоқтатылуына, ал заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылуына әкелуі мүмкін. Әсіресе бірінші және екінші санаттағы компаниялар лицензиясын жоғалтқан кезде барлық жинақталған тәжірибелерін жоғалтады, бұл елеулі тәуекелдер мен шығындарға әкеп соғады», — деді Бақыдбек Оспанбеков.
Сондай-ақ, ведомствоның міндеттеріне өңірдегі үлестік құрылысты бақылау кіреді. Мәселен, «Diamond Park» ТК, «Құрылтай» ТК, «Сиреневый сад» ТК және «Шоколад» ТК сынды бақылауда 4 проблемалық тұрғын үй кешені қалып отыр, онда 527-ге жуық үлескерлер құрылыстың аяқталуын күтуде.
«Бақылау барысында«Сиреневый сад» ТК және «Diamond Park» ТК-нің инвесторы – «КГС Сауда» ЖШС анықталды. Ғимараттарға жобалық және техникалық зерттеулер жүргізілді. Екі кешеннің құрылысын аяқтау мерзімі 2025 жылдың шілдесіне жоспарланған. «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары аяқталуда. «Diamond Park» ТК үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», — деп толықтырды Бахыдбек Оспанбеков.
«Табыс Құрылтай» тұрғын үй кешенінің құрылысын үлескерлердің өтініші бойынша «МАХ ВЕТ PV2» ЖШС инвесторы бастаған болатын. Қазіргі уақытта екі бөлім аяқталды. Алайда, компанияның құрылтайшыларының бірі үлескерлердің қаражатын жымқырғаны үшін тергеліп жатыр. Наурыз айында компания жаңа мердігері ретінде – «Reliable Building Company» ЖШС-мен шарт жасасты, ол кешенді аяқтауға сөз берді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс компаниясының басқармасы мердігерден жазбаша міндеттеме алды, дегенмен жұмыс әлі басталған жоқ.
«Шоколад» тұрғын үй кешені шамамен 70% дайын, бірақ құрылыс баяу жүріп жатыр. Төртінші қабатта кірпіш қалау және еден плиталарын орнату жұмыстары аяқталуда. Қаңтар айында құрылыс салушы жаңа инвестор ретінде – «lets Comfort» ЖШС тағайындады. ЖШС «lets Comfort» ғимаратты аяқтау бойынша міндеттемелерді өзіне толықтай алды. Нысанды тапсыру мерзімі осы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған», — деп түйіндеді Бақыдбек Оспанбеков.

 

Более ста проверок на объектах строительства провели в Акмолинской области
В текущем году управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области провело более 100 проверок на объектах строительства, выявило десятки нарушений и выдало предписания на устранение несоответствий. Введены новые правила, по которым строительные лицензии автоматически приостанавливаются, если в реестре отсутствуют сведения о специалистах и производственной базе компаний. Об этом на брифинге рассказал руководитель ведомства Бахыдбек Оспанбеков, передает Региональная служба коммуникаций.
Всего с начала года проведено 108 внеплановых проверок, выявлено 85 нарушений, по которым выданы предписания об устранении недостатков. 23 подрядные организации и 7 технических инспекторов привлечены к ответственности за отклонения от проектной документации и нарушение строительных стандартов. Кроме того, за совершение повторных правонарушений в течение года привлечены к административной ответственности 7 подрядных организаций, по 5 из них имеется судебное решение, 2 дела – на рассмотрении.
За отчетный период наложены административные штрафы на сумму свыше 33 млн тенге, а в суды направлены материалы по 41 административному делу. Также выявлены нарушения по 43 субъектам строительства за отсутствие проектной и разрешительной документации.
“Кроме того, с 1 ноября введены новые правила для лицензиатов, обязывающие компании поддерживать актуальные данные о квалифицированных сотрудниках и наличию производственной базы. Лицензии будут автоматически приостанавливаться или аннулироваться, если в реестре отсутствуют данные о подтвержденных специалистах или необходимой базе для работы. Отсутствие этих данных в реестре может привести к приостановлению лицензии на срок до шести месяцев, а в случае неустранения нарушений – к аннулированию без возможности восстановления. Компании, особенно с первой и второй категорией, при утрате лицензии теряют и весь накопленный опыт, что влечет за собой значительные риски и убытки”, — рассказал руководитель управления государственного архитектурно-строительного контроля.

Также в задачи ведомства входит контроль за долевым строительством в регионе. Так, на контроле остаются 4 проблемных жилых комплекса: ЖК «Diamond Park», ЖК «Құрылтай», ЖК «Сиреневый сад» и ЖК «Шоколад», где порядка 527 дольщиков ожидают завершения строительства.

“Для ЖК «Сиреневый сад» и ЖК «Diamond Park» определен инвестор – ТОО «КГС Сауда». Проведены проектные и технические обследования зданий. Срок завершения строительства обоих комплексов намечен на июль 2025 года. По ЖК «Сиреневый сад» уже идут строительные работы: завершена забивка свай и начато возведение несущих стен. Для ЖК «Diamond Park» ведется разработка проектно-сметной документации”, — отметил Бахыдбек Оспанбеков.
Строительство комплекса «Табыс Құрылтай» началось инвестором ТОО «МАХ ВЕТ PV2» по просьбе дольщиков. На данный момент завершены две секции. Однако один из учредителей компании находится под следствием за привлечение средств дольщиков. В марте компания заключила договор с новым подрядчиком – ТОО «Reliable Building Company», который обязался завершить комплекс. Управление ГАСК получило письменное обязательство от компании, однако работы еще не начались.
“Комплекс «Шоколад» готов примерно на 70%, но строительство продвигается медленно. Завершаются работы по кладке кирпича на четвертом этаже и монтажу плит перекрытия. В январе застройщик привлек нового инвестора – ТОО «Lets Comfort», который взял на себя обязательства по завершению здания. Срок сдачи объекта запланирован на четвертый квартал текущего года”, — дополнил спикер.

By admin

Читайте также