Ақмола облысында медициналықинфрақұрылымды дамыту: жобалар мен перспективалар

Ақмола облысында денсаулық сақтаусаласындағы ірі жобалар белсенді түрде іскеасырылуда. Мәселен, 41 нысанның құрылысықарастырылған, оның ішінде фельдшерлік-акушерлік және бастапқы медициналық-санитарлық пункттер, дәрігерлік амбулаторияларбар. Құрылысты аяқтаудың жарқынмысалдарының бірі Целиноград ауданыныңҚоянды ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық пункт болды, ол қазірдің өзіндежұмыс істей бастады. Бұл туралыжурналистермен өткен брифингте облыстыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасыбасшысының орынбасары Азамат Байқуанышевмәлім етті, деп хабарлайды өңірліккоммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, облыстағы ірі жобалардың бірі Атбасар ауданының Новосельское ауылындаФАП салу. Құрылысты мердігер «BF.Элит-Құрылыс» компаниясы қолға алған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, Степняк қаласында Біржан сал ауданында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Қаражат тапшылығына қарамастан, жұмыс белсенді түрде жалғасуда және келесі жылы аурухананы пайдалануға беру көзделген.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында өңірде 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады. Биыл Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында алғашқы нысан – ФАП аяқталды. Жыл соңына дейін Қына, Урюпинка, Новорыбинка және басқа да елді мекендердегі ФАП және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, тағы 27 нысанды аяқтау жоспарланған.Сондай — ақ, жыл соңына дейін Целиноград, Ақкөл және басқа да аудандарда бірнеше ірі нысандардың құрылысы аяқталады», — деді басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы 10 нысанның құрылысы келесі жылға көшеді, оның ішінде Астрахан ауданының Старый Колутон және Бұланды ауданының Алтынды сияқты елді мекендеріндегі ФАП бар. Бұл нысандардың барлығы ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

«Сондай-ақ, өңірде жаңа дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген. Жобалық жұмыстар Ерейментау ауданының Торғай ауылы, Зеренді ауданының Бірлестік және Еленовка ауылдарында аяқталды. Қазіргі уақытта Бұланды ауданының Вознесенка амбулаториясын және Есіл қаласында ауысымына 50 адам қабылдайтын БМСК орталығын қоса алғанда, тағы төрт нысан үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде», — деп толықтырды ол.

Ірі нысандардың қатарында Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ғимаратына «қабылдау бөлмесін» кеңейту, сондай-ақ Целиноград ауданының Ақмол ауылында 150 орындық аурухана салу жобасы бар. Бұл нысандар бойынша жобалық жұмыстар 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.

Развитие медицинской инфраструктуры в Акмолинской области: проекты и перспективы

В Акмолинской области активно реализуются крупные проекты в сфере здравоохранения. Так, предусмотрено строительство 41 объекта, среди которых фельдшерско-акушерские и первичные медико-санитарные пункты, врачебные амбулатории. Одним из ярких примеров завершения строительства стал первичный медико-санитарный пункт в селе Коянды Целиноградского района, который уже начал функционировать. Об этом на брифинге рассказал замруководителя облуправления строительства, архитектуры и градостроительства Азамат Байкуанышев, передает Региональная служба коммуникаций.

Один из крупных проектов в области – строительство ФАПа в селе Новосельское Атбасарского района. Строительство ведется подрядчиком ТОО «BF.Элит-Құрылыс», после расторжения контракта с другим подрядчиком по причине ненадлежащего исполнения обязательств. На данный момент работы находятся на стадии завершения, с основным акцентом на внутреннюю отделку и благоустройство. Ввод объекта в эксплуатацию планируется до конца текущего года.

Кроме того, в городе Степняк в районе Биржан сал продолжается строительство районной больницы. Несмотря на дефицит средств, работы активно продолжаются, и ввод больницы в эксплуатацию ожидается в следующем году.

“В рамках национального проекта по модернизации сельского здравоохранения врегионе будет построено 38 объектов первичной медико-санитарной помощи. В этом году уже завершен первый объект – ФАП в селе Бауманское Егиндыкольского района. До конца года планируется завершить еще 27 объектов, включая ФАПы и врачебные амбулатории в таких населенных пунктах, как Кына, Урюпинка, Новорыбинка и других. Также до конца года будет завершено строительство нескольких крупных объектов в Целиноградском, Аккольскоми других районах”, — отметил замруководителя облуправления строительства, архитектуры и градостроительства.

К слову, 10 объектов в рамках нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» перейдут на следующий год, включая ФАПы в таких населенных пунктах, как Старый Колутон Астраханского района и АлтындыБуландынского. Все эти объекты направлены на улучшение доступности медицинской помощи для сельского населения.

“Также в регионе предусмотрено строительство новых врачебных амбулаторий. Проектные работы завершены для объектов в селе Тургай Ерейментауского района, Бирлестык и Еленовка Зерендинского. На данный момент ведутся проектные работы для четырех других объектов, включая амбулаторию в Вознесенке Буландынского района и центр ПМСП на 50 посещений в смену в городе Есиль”, — дополнил спикер.

Одним из крупных объектов станет пристройка «Приемного покоя» к зданию многопрофильной областной детской больницы в Кокшетау, а также строительство больницы на 150 мест в селе Акмол Целиноградского района. Ожидается, что проектные работы по этим объектам будут завершены во втором квартале 2025 года.

ПРИМЕЧАНИЕ: Данная статья является собственностью Региональной службы коммуникаций Акмолинской области. Копирование материала допускается с гиперссылкой на источник информации — rsk_aqmola (правообладатель авторского права).

By admin

Читайте также