Ақмола облысында 7 млн жуық үй жануарына вакцина салынды
Биылғы жылы өңірде үй жануарларының денсаулығын қорғау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. Вакцинация және бруцеллез, туберкулез және басқа да қауіпті ауруларды барысында 7 млн жуық үй жануары қамтылды. Бұл туралы Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысының аумағында үй жануарларын қауіпті ауруларға вакцинациялау және зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. 2024 жылы эпизоотиялық іс-шараларды орындауға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, бұл 6,7 млн жануарды вакцинациялауға, бруцеллезге және басқа да ауруларға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді.
«Қазірдің өзінде 480 мың ірі қара мал қанының сынамасына зерттеулер жүргізілді, соның қорытындысы бойынша бруцеллездің 676 жағдайы (0,14%) анықталды. Вакцинация 649 мыңнан астам ұсақ малды, сондай-ақ 3 350 шошқаны, 130 түйені, 298 жылқыны және 656 итті қамтыды. Туберкулезге жүргізілген зерттеулер 362,6 мың ірі қара малды қамтыды, бұл жоспардың 102% құрайды», — деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы.
Осы ретте, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл облысқа Австриядан 188 бас симменталь тұқымды және Дания мен Латвиядан 609 бас голштейн тұқымды ірі қара сатып алынды.
Қауіпті аурулар анықталған жануарлардың иелері үшін өтемақы төлемдері қарастырылған. Осы жылы ауру жануарлардан болған шығындарды өтеу үшін қаражат бөлінді және бұл соманың 98,4 пайызы төленді.
Сонымен қатар, биылғы жылы қаңғыбас үй жануарларымен күресу үшін айтарлықтай қаражат бөлінді.
Почти 7 млн животных вакцинировали в Акмолинской области
В текущем году в регионе провели масштабные мероприятия по защите здоровья сельскохозяйственных животных. Благодаря вакцинации и регулярным исследованиям на бруцеллез, туберкулез и другие опасные заболевания, удалось охватить миллионы животных. Об этом на брифинге рассказал руководитель управления ветеринарии Акмолинской области Талгат Жунусов, передает Региональная служба коммуникаций.
В рамках программы по обеспечению ветеринарной безопасности на территории Акмолинской области проводится активная работа по вакцинации и исследованию сельскохозяйственных животных на опасные заболевания. На выполнение эпизоотических мероприятий в 2024 году из областного бюджета выделены средства, что позволило провести вакцинацию 6,7 млн животных и провести исследования на бруцеллез и другие заболевания.
“Уже проведены исследования 480 тысяч проб крови крупного рогатого скота, в результате которых выявлено 676 случаев бруцеллеза (0,14%). Вакцинация охватила более 649 тысяч голов мелкого рогатого скота, а также 3 350 свиней, 130 верблюдов, 298 лошадей и 656 собак. Исследования на туберкулез охватили 362,6 тысяч голов крупного рогатого скота, что составляет 102% от плана”, — рассказал руководитель управления ветеринарии Акмолинской области.
Особое внимание уделено поддержке племенного животноводства. В этом году в области приобретены 188 голов симментальской породы из Австрии и 609 голов голштинской породы из Дании и Латвии.
Для владельцев животных, у которых были выявлены опасные заболевания, предусмотрены компенсационные выплаты. В текущем году выделены средства для возмещения убытков от больных животных, и 98,4% этой суммы уже выплачено.
Кроме того, для борьбы с численностью беспризорных животных на этот год выделены значительные средства для гуманного регулирования.
Ақмола облысында мал дәрігерлерінің еңбекақысы көтеріледі
Ақмола облысында ауылдық елді мекендерде ветеринар мамандар тапшы. Ветеринария саласында кадр тапшылығын азайту үшін жаңа мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жағдайды жақсарту үшін жалақыны көтеру және неғұрлым қолайлы жұмыс жағдайларын жасау қарастырылған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыстың ветеринарлық қызметтері 82% мамандармен жасақталған. Кейбір аудандарда жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді, бұл мәселені шешу үшін шаралар қабылдануда. Мысалы, Степногорск қаласында 59%, Егіндікөлде – 63%, ал Жақсы ауданында – 65%.
«Биыл ветеринарлардың жалақысы 30% — ға өсті, бұл тек бастамасы ғана. 2025 жылы 300-350 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін қызықтырады деп сенеміз», — деді облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Талғат Жүнісов.
Бұдан басқа, ветеринариялық қызметтерге арналған жабдықтар мен үй-жайлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жоспарда бар. Жаңа бастамалар аясында 104 модульдік пункт сатып алу көзделген, бұл мамандардың жұмыс жағдайын едәуір жақсартады. Бүгінгі таңда облыстың 19 ветеринариялық станциясының 11-де жеке үй-жайы, ал 216 ветеринариялық пункттің 3-де өз ғимараты бар.
Сондай-ақ, брифингте айтылғандай, ветеринариялық қызметті жаңғырту шеңберінде ветеринариялық станцияларды жаңа автомобильдермен, планшеттермен және жылжымалы инсинераторлармен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және жергілікті жерлерде ветеринарлық қызметтердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Акмолинским ветеринарам планируют поднять зарплату
В Акмолинской области ведется активная работа по привлечению новых ветеринарных специалистов, что стало приоритетом в условиях нехватки кадров в сельских районах. Для улучшения ситуации планируется повышение зарплат и создание более комфортных условий работы. Об этом на брифинге рассказал руководитель облуправления ветеринарии Талгат Жунусов, передает Региональная служба коммуникаций.
На сегодня ветеринарные службы области укомплектованы специалистами на 82%. В некоторых районах ситуация требует особого внимания, уже принимаются меры для решения этой проблемы. Например, в Степногорске укомплектованность составляет 59%, в Егиндыколе – 63%, а в Жаксынском районе – 65%.
“В текущем году зарплаты ветеринаров уже были увеличены на 30%, и это лишь начало. В 2025 году планируется дальнейшее повышение до 300-350 тысяч тенге, что сделает эту профессию более привлекательной для выпускников колледжей и вузов”, — рассказал Талгат Жунусов.
Кроме того, планируется решить вопрос с нехваткой оборудования и помещений для ветеринарных служб. В рамках новых инициатив запланирована закупка 104 модульных пунктов, что значительно улучшит условия работы специалистов. На сегодня 11 из 19 ветеринарных станций области имеют собственные помещения, а 3 из 216 ветеринарных пунктов располагают своими зданиями.
Также в рамках модернизации ветеринарной службы запланировано обеспечение ветеринарных станций новыми автомобилями, планшетами и мобильными инсинераторами. Эти меры направлены на улучшение эпидемиологической обстановки и повышение качества работы ветеринарных служб на местах.