Сарапшы: АЭС – энергияның сенімді көзі

24.09.2024

АЭС – энергияның сенімді көзі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Атом электр станциясы қуат көзін алудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы. Қазақстан уранға әлемдік сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Демек, ядролық отынға бай елде АЭС құрылысында еш қиындық болмауы тиіс, — дейді сарапшы.

Марсело Сальваторе, NAC International компаниясының бас кеңесшісі:

Қазақстан Аргентинадан бір нәрсе үйренуі керек деп айтпас едім, бірақ болашаққа жақсы және пайдалы нәрселерді ескеруге болады. Бүгінгі таңда Қазақстан уранға деген әлемдік сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз ететін және сол арқылы сенімді серіктес ел екені белгілі. Қазақстан сияқты ел үшін қосымша құндылық беретін және сіздің ресурстарыңызды толықтыратын қызмет түрлерін қарастыру табиғи нәрсе.

 

By admin

Читайте также