Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті
Кездесуге сондай-ақ ауыл азаматтары да қатысты
Қызылордада облысында өңірлік халықтық штаб өкілдері Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшылары және Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халықтық штаб өкілдері Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Бұған дейін, штаб мүшелері Қызылорда қаласына қарасты Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген еді.
Бүгінгі кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұрғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.
«Жалпы бу-газ электрстансалары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала мамандары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындық туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер.
Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай.
Өз кезінде сөз алған штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының Қазалы ауданында Халықтық штабтың төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.
«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», — деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.
Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.
Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарат алғанын айтып, ұжым болып қолдайтындығын білдірді.