Aqorda 🇰🇿:
⚡️Президент:
«ҮШІНШІ. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.
Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды.
Мен жуырда Қарағанды облысында болдым. Сол кезде «Qarmet» металлургия комбинатына бардым. Отандық инвестор келген соң, ондағы ахуал едәуір тұрақталды. Кәсіпорын жаңғыртыла бастады. Бұл қадам өндірілетін өнім көлемін айтарлықтай арттыруға тиіс. Саран қаласының экономикасын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда автокөлік доңғалағын және тұрмыстық техника шығаратын өндірістер іске қосылды. Соның арқасында бұл елді мекен моноқалалар санатынан шығарылды. Басқа да моноқалаларға дем беру үшін осы тәжірибені қолдану қажет. Жалпы, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек.
Биыл арнайы Жарлықпен Алатау қаласы құрылғанын білесіздер. Бұл қала қарқынды дамитын, инновация кеңінен қолданылатын әрі білікті мамандар жұмыс істейтін орынға айналуы қажет. Үкімет онда жайлы өмір сүріп, табысты еңбек етуге, инвестиция салуға қолайлы жағдай жасауға тиіс.
Автокөлік құрастыру ісінде оң нәтижелер бар. Осы қарқынды сақтап, жергілікті өндіріс көлемін ұдайы арттыру керек. Мемлекеттің автокөлік өнеркәсібіне көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы түптің түбінде толыққанды автокөлік құрастыру кластері ретінде елдің игілігіне айналуы қажет»
t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:
«ТРЕТЬЕ. Следует предпринять системные усилия для полноценного раскрытия промышленного потенциала страны.
Правительством составлен перечень из 17 крупных проектов. В приоритете – освоение высоких переделов. Важно максимально использовать отечественное сырье и комплектующие, налаживать вокруг гигантов смежные производства.
Недавно я посетил Карагандинскую область и побывал на металлургическом комбинате Qarmet. С приходом отечественного инвестора ситуация на комбинате заметно стабилизировалась, начата модернизация предприятия, что должно привести к существенному увеличению производства. В рамках диверсификации экономики в Сарани было запущено производство автомобильных шин и бытовой техники, что позволило исключить этот город из категории моногородов. Этот опыт надо применить и в других моногородах, чтобы вдохнуть в них новую жизнь. В целом, важно активно развивать новые точки роста в регионах.
Как вы знаете, в этом году специальным Указом образован город Алатау, который должен стать местом опережающего развития, притягивающим инновации и таланты. Правительству следует создать привлекательные условия для инвестиций, жизни и работы в этом городе.
Достигнуты положительные результаты в автомобилестроении. Набранные темпы нужно сохранить, последовательно повышая уровень локализации. Оказываемая автопрому господдержка в конечном счете должна вернуться в виде полноценного автомобилестроительного кластера»
t.me/aqorda_resmi