Aqorda 🇰🇿:
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр.

Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек.

Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Бұл мәселе қатысты екіұшты ұстаным болмауы қажет. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн»

t.me/aqorda_resmi

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Важнейшей задачей является постепенный переход от прямого субсидирования АПК к обеспечению доступного кредитования. Все выделяемые средства должны быть использованы эффективно. Однако недостоверные данные, а по-другому говоря, фальсификации, не позволяют оценить реальную ситуацию в сельском хозяйстве.

Специальной комиссией уже выявлено несуществующих 2 млн голов крупного и более 3 млн голов мелкого рогатого скота. Такие же факты выявлены и в растениеводстве. Это по сути приписки, на которые выделялись государственные субсидии. Следует прекратить такую преступную практику, а тех, кто этим занимался, привлечь к ответственности.

Земля – это ключевой элемент инвестиционной привлекательности отрасли. Комиссией по изъятию земель выявлено более двух тысяч незаконных решений местных исполнительных органов о предоставлении сельхозугодий без проведения конкурсов. Тут двусмысленности быть не должно. Если землю взяли с нарушением закона и не используют, то эта земля должна быть возвращена государству, причем по упрощенной процедуре. Но если землепользователь добросовестно работает, вложил инвестиции, то нельзя разрушать действующее производство. При этом в расчет следует также взять работу по обустройству сел и обеспечению постоянной занятости сельчан»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также