Aqorda 🇰🇿:
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«ЕКІНШІ. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.
Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты.
Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажет. Әсіресе, халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керек. Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілімен қаржыландырып, толық жүзеге асыратын ауқымды жобалардың тізімін жасауды тапсырамын.
Мен биыл мамыр айында «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжатта көрсетілген талаптар мүлтіксіз орындалуға тиіс»
t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:
«ВТОРОЕ. Важно постоянно работать над улучшением инвестиционного климата и условий для ведения бизнеса.
В условиях острой международной конкуренции за инвестиции первостепенная необходимость – принимать решения для привлечения капитала в режиме «здесь и сейчас». Поэтому Инвестиционный штаб при Правительстве был наделен большими полномочиями. Это позволило ускорить реализацию проектов в таких приоритетных сферах, как глубокая переработка металлов, нефте-, газо- и углехимия, туризм, энергетика, машиностроение.
Работу в заданном направлении нужно усиливать, чтобы не допустить снижения объема прямых инвестиций в экономику. Хочу отметить, что не все акимы и министры в должной мере включены в процесс привлечения инвесторов. Правительство обязано внести корректировки в эту работу.
Требуется обратить внимание на более качественную подготовку проектов государственно-частного партнерства с участием международных финансовых институтов. Поручаю Правительству определить пул масштабных проектов «под ключ», которые могут быть профинансированы международными финансовыми организациями через механизм ГЧП.
В мае текущего года мною подписан Указ «О мерах по либерализации экономики». Положения данного документа подлежат неукоснительному исполнению»
t.me/aqorda_resmi