Aqorda 🇰🇿:
⚡️Президент:

«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр.

Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет.

Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналды. Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал. Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бір реттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар өзге бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек.

Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырамын. Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын.

Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр. Оны айтарлықтай төмендету үшін мұқият ойластырылған жан-жақты шаралар қабылдаған жөн. Атап айтқанда, шекарадағы кеден бекеттеріне қатысты барлық жұмысты тез арада аяқтау қажет. Сондай-ақ сыртқы сауда операцияларынан түсетін кірістің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу керек»

t.me/aqorda_resmi

⚡️Президент:

«Назрела необходимость установления дифференцированных ставок индивидуального подоходного налога.

Следует отказаться и от карательного подхода при налоговом администрировании. Считаю возможным увеличить порог налоговой задолженности, при котором будут направляться извещения без применения принудительного взыскания. В случае превышения порога налоговой задолженности ограничения должны налагаться только в пределах задолженности, то есть весь банковский счет блокироваться не будет. При крупной налоговой задолженности следует предоставлять рассрочку по уплате без залогового обеспечения. Надо стремиться к полному отказу от налоговых проверок по плану. Для этого предстоит усовершенствовать систему управления рисками.

Актуальной задачей стало повышение эффективности налоговых льгот. По всем льготам должна предоставляться налоговая отчетность. Сохранить надо те из них, которые реально стимулируют бизнес. Например, можно предусмотреть преференции инвесторам, нацеленным на развитие производства. Речь идет об единовременном вычете на строительство, приобретение, модернизацию, реконструкцию активов. Важно предусмотреть льготы для экспортеров продукции высокого передела, они должны получать больше поддержки, чем любой другой бизнес.

В рамках рассмотрения проекта нового Налогового кодекса поручаю провести в Правительстве и Парламенте обстоятельную дискуссию. Сложные, но нужные решения должны быть найдены. Спешка в этом вопросе недопустима. Поэтому считаю возможным перенести принятие нового Кодекса на следующий год, чтобы подготовить данный закон на качественном уровне.

Финансовую ситуацию также усугубляет сохраняющаяся высокая доля теневой экономики. Для ее значительного сокращения следует принять комплекс продуманных мер. В частности, нужно завершить в сжатые сроки всю работу по приграничным таможенным постам, а также не допустить незаконный «переток» доходов от внешнеторговых операций в другие юрисдикции»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также