Ақмола облысында шомылу мерекесіне арналған 56 орын дайындалды 18–19 қаңтар күндері Ақмола облысында дәстүрлі шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтеді. Тұрғындар арнайы жабдықталған мұз ойықтарында құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен шомыла алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД мен АРСК өкілдері мәлімдеді. Ақмола облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Нұрқанов мұндай іс-шараларда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. «Жыл сайын суға түсу рәсіміне шамамен 18 мың адам қатысады. Бұл – адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін іс-шара. 2022 жылы Ленинград облысында жабдықталмаған мұз ойығында әйел адамның қаза тапқан қайғылы жағдайы бар. Сондықтан…
Янв
16
2026
