«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды «Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады. Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды. Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін атап өтті. «Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция…
Июл
08
2026
