Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады. Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады. Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады. Бұдан…
Мар
02
2026
