*Роман Скляр XINFA GROUP басшылығы Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысы мәселесін талқылады* 📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Қазақстан аумағында қазіргі заманғы өнеркәсіптік парк құрылысының инвестициялық өзара іс-қимыл және практикалық аспектілері мәселелері бойынша кездесу өткізді. 🔹 XINFA GROUP – сингапурлық компания, энергетика, алюминий және химия өнеркәсібі, сондай-ақ экологиялық құрылыс және аграрлық технологиялар саласында әртараптандырылған портфелі бар әлемдегі ең ірі индустриялық холдингтердің бірі. Компания 1972 жылы құрылған және бірнеше негізгі өндірістік бағыттар бойынша жаһандық көшбасшылық позицияларға ие. 🏗 Павлодар облысында толық циклді ауқымды өнеркәсіптік парк құру жөніндегі инвестициялық жобаның…
Янв
08
2026
