Ақмола облысында мемлекеттік бақылау шаралары күшейтілді 2024 жылы Ақмола облысында мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстары жанданып, өңірдің 325 кәсіпорны мен ұйымы қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай артты, ал заңбұзушылықтар санының өсуі, өз кезегінде, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күш-жігердің нәтижесі ретінде қабылданады, бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрбек Хабиев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Департамент жұмысының ауқымы кеңейіп, тек ірі кәсіпорындар ғана емес, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, көлік және ветеринария сияқты түрлі салалардағы субъектілер де бақылауға алынды. Облыс орталығы Көкшетау мен басқа да қалалардағы ірі кәсіпорындармен бірге, шағын…
Янв
17
2025