Год: 2025

Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді. Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек…
Подробнее
2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл…
Подробнее
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 📌 Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда. ➤ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. ➡️ Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй…
Подробнее
Транзиттік әлеует артып келеді   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының 9 негізгі бағытын белгілеп, Үкіметке, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға солар бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды. Осы Мемлекет басшысы Жолдауында айтылатын келелі мәселенің бірі – көлік-логистика секторын дамыту болып табылады. «Бұл стратегиялық мәні айрықша басымдық. Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. 2,5 шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан,…
Подробнее
Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының Жолдауы – Үкімет пен бүкіл Қазақстан қоғамы үшін стратегиялық бағдар 📍 Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауы Үкімет пен бүкіл Қазақстан қоғамы үшін стратегиялық бағдар болып саналатынын атап өтті. «Жолдау бізге таяу мерзімге арналған мақсат-міндеттермен қатар нысаналы көрсеткіштері және индикаторлары белгІленген нақты іс-қимыл алгоритмін айқындап берді. Әрбір тармақтың орындалуы қатаң бақылауда болады. Бұл ретте қорытынды нәтижеге, оның экономикаға тиімдіЛігіне баса назар аударылады. Азаматтардың табыс деңгейін арттыру Үкімет жұмысының өзгермейтін басты мақсаты. Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік бюджетті ұтымды бөлу айтарлықтай экономикалық өрлеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл…
Подробнее
Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды «Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын…
Подробнее
⚛Президент Жолдауынан: – Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру – Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет – Фискалды реформа табысты болсын десек, салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек – Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырамын – Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс – Ірі кәсіп иелері осы елдің азаматы ретінде мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті – 2029 жылға қарай…
Подробнее
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ ⚡️ Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  жәнедәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатынпрепараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтіндәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмысістейтін болады, деп хабарлады Денсаулық сақтаувице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталықкоммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөзбрифингі барысында. Дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарыныңбірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымшашығыстарды алып тастау болады: маркетинг (30%-ғадейін), көлік (15%-ға дейін) және сапаны бағалаушығындары. ⚪️Үстеме бағалардың регрессивті шкаласын қайта қараунәтижесінде оларды қолдану шегі айтарлықтайтөмендеді: тегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде олар20%-ға дейін, көтерме сату үшін – 25%-ға дейін, ал бөлшек…
Подробнее
Ақмола облысында вирустық инфекция деңгейі төмендеп келеді Соңғы мәліметтер бойынша, эпидемиялық маусымның басынан бері елімізде 71 411 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есе төмен көрсеткіш. Бұл туралы Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина журналистермен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 2024 жылдың 53-ші эпидемиялық аптасында 3 565 ЖРВИ жағдайы тіркеліп, аурушаңдық 1,7 есе төмендегені байқалды. Соған қарамастан, балалар арасында ЖРВИ-дің таралуы 91%-ды құрады, бұл көрсеткіштің басым бөлігі 1-4 жас аралығындағы балалар арасында. Өткен жылдың 12 айында менингококк инфекциясы бойынша 7 жағдай тіркеліпті. Оның ішінде 4 жағдай балалар арасында болған. Аймақтар бойынша ең көп…
Подробнее
Облыста өткен жылы 300 ден астам нашақорлық қылмысы тіркелді Ақмола облысы есірткінің заңсыз айналымымен белсенді күресуді жалғастыруда. 2024 жылы жағдай айтарлықтай өзгерген. Тәркіленген есірткілер саны да айтарлықтай өсті. Тек бір жыл ішінде облыс аумағында 308 есірткі құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде-183 есірткі қылмысы, оның ішінде 137 есірткі өткізу жағдайы. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Сабыржанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі Ерейментау және Бұланды аудандарында орналасқан екі фитолабораторияның жұмысын тоқтату болды. Бұл зертханаларда есірткі шығарылып, кейін олар бүкіл аймаққа таралған. Тек 2024 жылы заңсыз айналымнан 387…
Подробнее