
Түркістандық диқандар Ресейге қырыққабаттың алғашқы партиясын экспорттады 📍Түркістан облысы Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Орынбай ата» шаруа қожалығы ерте шыққан қырыққабаттың алғашқы партиясын Ресейге экспорттады. Шаруа қожалығының басшысы Нұрлыбек Жайынбаевтың айтуынша, ерте пісетін «Магнус» қырыққабатының тұқымы ақпан айының соңында егілген. Жақында алғашқы партия Ресейдің Пермь қаласына жөнелтілді. Фермер жуырда «Зарисма» сортты қырыққабаттың да өнімін алуды күтуде және «Аэропорт» сортты қауын егуді жоспарлап отыр. Жалпы, Жетісай ауданында ерте пісетін қырыққабат 1158 гектар жерге егілген, оның 893 гектарына су үнемдеу технологиясы қолданылуда. Болжам бойынша, өнім көлемі 50 мың тоннаға дейін жетеді. Өнімнің басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталмақ. 🔹Туркестанские аграрии экспортировали…