Биыл Ақмола облысында әлеуметтік көмек жүйесі жаңартылады Биылғы жылы Ақмола облысында әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне маңызды өзгерістер енгізілді. Олардың бастысы – атаулы әлеуметтік көмек шарттарының жаңаруы. Бұл туралы Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Мұхамедин Ерлан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алудың жаңа шарттары күшіне енді. Бұған дейін көпшіліктің сұрақтары мен түсініспеушілігіне ұшыраған әлеуметтік көмек көрсету механизмі айтарлықтай өзгерді. Енді аз қамтылған отбасылардың табысы медиандық табыстың 35%-ына дейін төмен болуы қажет. Бұл көмек тек қиын жағдайда қалған және нақты мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Айта кетерлігі,…
