Мыңға жуық студент тегін оқиды: «ALEM AI» халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады Астанада 2 қазанда өтетін «Digital Bridge» форумында халықаралық жасанды интеллект орталығы «ALEM AI» ресми түрде ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жоба жайлы айтып берді. «Бұл жоба – таланттарды, зерттеушілерді, кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіретін, қазақстандық жасанды интеллект шешімдерін дамытуға бағытталған алғашқы ауқымды экожүйе. Орталықтың жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайды, ғимарат 8 қабаттан тұрады. Мұнда білім беру бағдарламалары, зертханалар, стартап алаңдары және тұрғындарға арналған интерактивті кеңістіктер орналаспақ», - дейді министр. «Бірінші қабатта қоғамдық кеңістік, хакатондар мен іс-шараларға арналған аймақ,…
Окт
02
2025
