Месяц: Октябрь 2025

Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс» «Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында мен Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін растадым. Біз серіктестеріміздің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдаймыз. Мен биыл халыққа Жолдауымды цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне арнадым. Біз алдымызға…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қош келдіңіздер! Ең алдымен, осы маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келген меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі алқалы жиынға Мажарстанның Президенті Жоғары Мәртебелі Тамаш Шуйоктің қатысып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Президент мырза, елімізге ресми сапармен келіп, форумға қатысып отырғаныңызды жоғары бағалаймын. Сіздің идеяларыңыз және бастамаларыңыз цифрлық технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін. Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтеріледі. Осы уақыт ішінде форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания…
Подробнее
Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды акция өтті. Іс-шара құқық қорғау органдары мен белсенді жастарды біріктірді. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, ақмола өңірінің есірткі күресшілері Көкшетауда нашақорлықтың алдын алуға және есірткі жарнамасы мен граффитиді жоюға бағытталған кең ауқымды акцияға бастамашы болды. Есірткіге қарсы «десанттың» құрамына есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларынан басқа, есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының, «Феникс» қоғамдық қорының еріктілері, колледж еріктілері мен жедел-жастар жасағының мүшелері кірді. Акцияға барлығы 150 – ден астам адам қатысты, олар бір жалпы мақсатпен біріктірілді-қала тұрғындарын есірткі тұтыну және…
Подробнее
Масштабная акция по профилактике наркомании прошла в Кокшетау. Мероприятие объединило правоохранителей и активную молодежь. Реализуя принцип «Закон и порядок», наркоборцы акмолинского региона инициировали в Кокшетау широкомасштабную акцию, направленную на профилактику наркомании и уничтожение наркорекламы и граффити. В состав антинаркотического «десанта» кроме сотрудников подразделения по противодействию наркопреступности и участковых инспекторов полиции вошли члены совета по профилактике наркоправонарушений, волонтеры молодежного крыла «Жастар Рухы», общественного фонда «Феникс», волонтеры колледжей и члены оперативно – молодежных отрядов. Всего в акции приняли участие более 150 человек, объединенные одной общей целью – еще раз предупредить горожан об опасности наркопотребления и участия в противоправных действиях. Активную молодежь приветствовал…
Подробнее
*Көкшетауда «Таза бейсенбі» акциясы өтті* «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы әр апта сайын «таза бейсенбіліктер» өткізіп жүр. Осы жолы Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағы қоқыстан тазартылды. Қайтадан жаңғырып, жаңарған саябақ бүгінде шаһар тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Аумағы да үлкен. Тазалық акциясына 100-ге тарта партия белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері, жастар мен студенттер қатысты. Жалпы партияның бастамасымен биылдың өзінде 50 шақты тазалық акциясы ұйымдастырылған. Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен Ақмола облысы бойынша 550-ден астам елді мекен қамтылып, 80 мың тонна қоқыс шығарылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 1 милионнан астам…
Подробнее
*Заңды біліп жүрген абзал.* Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шараға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры – Жакупова Диана Сайрамбекқызы, Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Ағыикқызы Назарова, Көкшетау қаласы ПБ, ЖПҚБ ЮПБ ПУИ, полиция лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы, Ақмола облысы полиция Департаменті, есірткіге қарсы басқармасының жедел аға өкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы, аталмыш оқу орнының студенттері және ұйымдастырушылар тарапы қатысты. Шара барысында әр спикер өз баяндамасын оқып, киберқауіпсіздік тақырыбына арналған бейнебаян көрсетіліп, кейін студенттермен…
Подробнее
*Үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауына 1000-нан астам өтінім түсті: онлайн дауыс беру басталды* Қазақстанда «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау кезеңі аяқталды. Елдің барлық өңірінен барлығы 1041 өтінім келіп түсті: бұл – кәсіби қауымдастықтың байқауға зор қызығушылық танытқанын көрсетеді. 1 қазаннан бастап www.qamqor.enbek.kz онлайн-платформасында өңірлік іріктеуден өткен үміткерлерге арналған халықтық онлайн дауыс беру кезеңі басталды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының белсенділігін және инновациялық бастамаларын анықтап, көтермелеуді, сондай-ақ олардың кәсіби беделін арттыруды мақсат етеді. Әлеуметтік қызметкер мамандығы – қоғамдағы ең ізгі әрі…
Подробнее
*Әскердің заманауи келбеті: журналистерге оң өзгерістер мен жаңа технологиялар таныстырылды* Астанада Құрлық әскерлерінің астаналық арнайы мақсаттағы құрамасында ауқымды баспасөз туры өтті. Іс-шараның басты назарында цифрландыру саласындағы инновациялар, әскери қызметшілерді психологиялық қолдау мен сарбаздарды жан-жақты қамтамасыз ету сұрақтары болды. Қорғаныс министрлігі журналистерге бүгінгі күні әскер қатарында қызметті заманауи әрі технологиялық ететін бірегей әзірлемелерді көрсетті. Жаңалықтардың ішінде – SARBAZ+ пилоттық жобасы, әскери қызмет пен сарбаздардың тұрмысы туралы өзекті ақпаратты қамтыған ARMIA.KZ ақпараттық сервисі, автоматтандырылған психологиялық тексеруге арналған «ГРВ-камера» бағдарламалық-аппараттық кешені, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, телеграм-бот форматындағы цифрлық кеңесші Ai-Sulu бар. Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына тәулік бойы анонимді психологиялық…
Подробнее
*Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының қатысушылары марапатталды* Қазақстанда өнер мен мәдениет арқылы елдер арасындағы достық пен өзара түсіністі нығайтуға бағытталған «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасы табысты аяқталды. Музыкалық шоу түрлі елдің талантты орындаушыларын ғана біріктіріп қойған жоқ, сонымен қатар Қазақстанның табиғи байлығы мен туристік әлеуетін де кеңінен көрсетті. Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әртістері қатысты. Олардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалады. Түсірілімдер еліміздің негізгі туристік аймақтарында – Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында өтті. Халықаралық шоудың финалы елордада ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас…
Подробнее
Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық жүзгіштер 50 метр баттерфляй қашықтығында 4 медаль жеңіп алды. Команда үшін басты жетістік – Әділбек Мусиннің "алтын" медалі. Әділбек Мусин – 23.74 секунд София Әубәкірова – 26.80 секунд Максим Сказобцов – 23.90 секунд Софья Сподаренко – 26.94 секунд Сонымен қатар біздің спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетаға қатысып (Әділбек Мусин, Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренко) қола медаль еншіледі. Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық споршылар…
Подробнее