Балалар арасындағы буллингке қарсы жүйелі жұмыс Көкшетаудағы Психологиялық қолдау орталығының сенім телефонына биыл 2 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш балалар арасындағы буллинг пен жанжал мәселесінің өзекті екенін айқын көрсетеді. 2024 жылы орталыққа 600-ден астам өтініш түссе, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бұл сан үш есеге жуық артқан, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өткен жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан психологиялық қолдау орталығының мамандары балалар мен ата-аналарға тәулік бойы көмек көрсетіп келеді. Мұнда тәжірибелі психологтар мен әдіскер мамандар қызмет атқарады. Тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы көмек сұраған әр бала мен ата-анаға жедел психологиялық қолдау көрсетіледі.…
Окт
20
2025
