Ақмола облысы ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізуді алғашқылардың бірі болып бастады Ақмола облысы биыл да елдің басты астықты аймағы ретіндегі мәртебесін растауда. Өңірде аграрлық саланы жаңғырту және шаруаларды қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Енді облыс агроөнеркәсіптік кешенге жасанды интеллект енгізу арқылы жаңа кезеңге қадам басты. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономиканың барлық салаларында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді пайдалану жөнінде тапсырма берген болатын. Жуырдағы Ақмола облысына сапары барысында Президентке ауыл шаруашылығына ЖИ енгізу жобасы таныстырылып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға оң баға берді. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, аграрлық саланы…
Окт
08
2025
