*Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының қатысушылары марапатталды* Қазақстанда өнер мен мәдениет арқылы елдер арасындағы достық пен өзара түсіністі нығайтуға бағытталған «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасы табысты аяқталды. Музыкалық шоу түрлі елдің талантты орындаушыларын ғана біріктіріп қойған жоқ, сонымен қатар Қазақстанның табиғи байлығы мен туристік әлеуетін де кеңінен көрсетті. Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әртістері қатысты. Олардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалады. Түсірілімдер еліміздің негізгі туристік аймақтарында – Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында өтті. Халықаралық шоудың финалы елордада ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас…
Окт
02
2025
