Мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала. Ол АӨК-тің жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрайды. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жуықтады. Ет өндірісі 2%-ға артты (608,8 мың тонна), сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайды (2,25 млн тонна). Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп келеді: ірі қара – 8,7 млн бас (+0,3%), жылқы – 4,6 млн (+6,7%), түйе – 300 мың (+3,9%), құс – 48 млн (+6,6%). Осы ретте қой басы 3,7%-ға кемігені байқалады (21,1 млн бас). Қазақстанның экспорттық әлеуеті нығайып келеді: 2025 жылдың алғашқы бес айында сиыр еті экспорты 2,5 есеге…
Сен
03
2025
