Тұтынушы пәтерді тазалау қызметіне тапсырыс берген. Жеке жағдайларына байланысты қызмет көрсетілу кезінде қатыса алмады және оның сапасын бірден тексере алмады. Пәтерге келген кезде тазалау өте сапасыз жүргізілгенін анықтады: бөлме реттелмеген күйде қалған, кейбір ластануларды тұтынушы өз бетімен тазалауға мәжбүр болды, алайда осы уақытқа дейін пәтерде әлі де кір бар. Тұтынушы клининг компаниясына шағыммен жүгінді. Компания жауап ретінде тек бір «лас аумақты» (бөлек учаскені) қайта тазалауды ұсынды, алайда тұтынушының пікірінше, бұл мәселені кешенді түрде шешпейді және жұмсалған қаражат пен жүйке шығындарын өтемейді. Осыған байланысты тұтынушы көрсетілген қызмет құнының 50%-ын қайтаруды талап етеді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша…
Сен
15
2025
