Өңірдің қуаты – еңбек адамының қолында Ақмола облысы – еліміздің өндіріс орталықтарының бірі. Мұнда жаңа кәсіпорындар да, талай жылдан бері қалыптасқан компаниялар да қатар дамып келеді. Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында басты назар – қарапайым еңбек адамында. Олар – станок басында, құрастыру желілерінде, зертханаларда күн сайын тер төгіп, экономиканың ілгерілеуіне үлес қосып жүрген жандар, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы. 28 қыркүйек – Еңбек күні. Бұл мереке – өз еңбегімен елдің болашағын қалыптастырып жүрген азаматтарға тағзым күні. «Aviks Group»: адамдарға арқа сүйеген өндіріс 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Aviks Group» зауыты бүгінде еліміздегі ірі кәсіпорындарға майлау материалдарын жеткізеді.…
Сен
26
2025
