Мәжіліс комитеті тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі бастамаларды қолдады Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің отырысы өтті, оның шеңберінде Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасын және ілеспе заң жобасын ұсынды. Отырыста сөз сөйлеген әзірлеуші заң жобаларын қабылдау азаматтардың мүдделері мен оларды қорғауға басымдық берілетін әділ, адамға бағдарланған қоғам құрудағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Заң жобаларының негізгі ережелері: - тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу-азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға, азаматтардың өтініштеріне ден қоюда есептілік пен жеделдікті арттыруға бағытталған жаңа институционалдық шара. - бақылау сатып алуды жүргізу құқығын қоса алғанда,…
Сен
18
2025
