*Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар Үкіметте қаралды* Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Үкімет отырысында қаралды. 87 іс-шарадан тұратын құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. «Жоспар негізгі 8 бағыттан тұрады, оның ішінде жаңа инвестициялық саясат, өнеркәсіпті нығайту, АӨК дамыту, көліктік әлеуетті жүзеге асыру, ТКШ жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, адами капиталды дамыту және парламенттік реформаны жүргізу бар», — деп атап өтті вице-премьер. Мәселен, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау…