«Заң және тәртіп»: жастарға арналған ашық диалог Ақмола облысында жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. «Жастар-ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп» нарративі аясында студенттерге арналған шара өткізілді. Кездесуге колледж директоры Серікхан Жеңісұлы Тұраров, Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Мақпал Мұхтарқызы Жанарисова, Көкшетау қалалық ПБ қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілеттісі, полиция аға лейтенанты Тимур Қалиханұлы Бажиров, ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мирас Қонысбайұлы Шакимжанов, Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция майоры Данияр Айбекұлы Айдарханов қатысты. Шара жастарға құқықтық сауаттылықты түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу, интернеттегі қауіптерден сақтандыру және жол қозғалысы…
