Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қорытындыланды Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша қорытынды жасалды. Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омархановтың айтуынша, жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қауіпті жұқпалы аурулардың күрделі өршуі тіркелмеген. Облыста полиомиелит, дифтерия, безгек, менингококк инфекциясы, туляремия және басқа да аса қауіпті аурулар анықталған жоқ. Сонымен қатар, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірқатар жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды: дизентериямен ауыру деңгейі екі есе, көкжөтел — 3,1 есе, менингококк инфекциясы — 4 есе азайған. Алайда кейбір аурулар бойынша өсім тіркелген: сальмонеллез — 20%-ға, кене энцефалиті — 2 есе, Лайм ауруы —…
Авг
08
2025
