День: 09.07.2025

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады ✔️Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты. – Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және…
Подробнее
Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Шолпан Айтқожина, брифинг барысында сыйлықтың мән-маңызы мен биыл енгізілген жаңа бағыттары туралы баяндады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аталған премия еліміздің қоғамдық және экономикалық өміріне елеулі үлес қосып жүрген жас азаматтарды қолдау мақсатында 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар марапаты. Бұл жастар сыйлығы ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен жүзеге асырылуда. Спикердің айтуынша, биыл сыйлық құрылымына бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Атап айтқанда, номинациялар саны былтырғы…
Подробнее
Ақмола облысында есірткімен күрес қалай жүріп жатыр? Ақмола облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары, полковник Ерлан Ақбаров есірткімен күрес шараларының алғашқы қорытындыларын жариялады. Ол облыс тұрғындары мен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте «Қарасора-2025» операциясының барысы мен нәтижелерін таныстырды. Полковник Ақбаров есірткі қылмыстарымен күресудің қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Есірткі қылмыстарына қарсы күрес біздің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамның дамуына деген жауапкершілігіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз барлық қажетті шараларды қабылдап, есірткі бизнесін түбегейлі жоюға тырысамыз», деді спикер. Операцияның мақсаты есірткі өсімдіктерін жою және синтетикалық есірткілерді тарататын қылмыстық топтардың әрекетін тоқтату. Бір ай ішінде Ақмола облысында…
Подробнее