
Ақмола облысында балалар денсаулығына ерекше назар аударылуда Ақмола облысында 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» Конвенциясы аясында барлық медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтуде. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала және қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Атаулы шара аясында медицина қызметкерлері «Салауатты балалық шақ – салауатты болашақ» акциясын өткізіп, ата-аналар мен балаларға денсаулықты сақтау бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, ашық алаңдарда мерекелік-ойын бағдарламалары мен асфальтта сурет салу акциялары ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 228 мыңнан астам бала тұрады.…